News & Events
Жеңіс 75: «Ұрпаққа ұран болған — ұлы жеңіс»
- 09.05.2020
- Posted by: RBNSG
- Category: Мақалалар мен сұхбаттар
Қазақстанда президент төтенше жағдай режимін енгізуіне байланысты 16 наурыздан бастап мемлекеттік мекемелердегі шараларға уақытша тыйым салынды. Нұр-Сұлтан мен Алматы, сондай-ақ облыстар карантинге жабылды. Мемлекеттік органдардың отырыстары да онлайн-режимге көшті.
Жалпы Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана бастамасымен қолға алынған жаңа форматтағы жұмыс тәртібі бүгінде жалғасып, қызметкерлердің қатысуымен онлайн кездесулер мен семинарлар, түрлі шаралар да өтіп жатыр.
Кітапхана қызметкерлері 9 мамыр Ұлы Отан соғысының 75 жылдығына орай мәдени, рухани шаралар өткізуде.
9 мамыр мерекесіне орай, онлайн байқаулар, виртуалды кітап көрмелері мен әлеуметтік желілерде челлендждер ұйымдастырылды. Сондай-ақ, «Ұрпаққа ұран болған — ұлы жеңіс» атты онлайн шара ұйымдастырылды. Жеңіс мерекесіне орай видео өнімдер мен құттықтаулар жасалып әлеуметтік желілерге салынды.
Жыл сайын 9 мамырда Жеңіс мерекесіне орай арнайы кітапханада Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлері мен қала тұрғындарының, оқырмандардың қатысуымен кездесу өтіп, соғыста қаза болған қазақстандықтардың рухына тағзым етілетін. Биыл еліміздегі төтенше жағдай режиміне байланысты YouTube каналында және әлеуметтік желілерде тікелей эфирде өтуде.
Әсет Бектуров,
Баспасөз қызметі