News & Events
«БАҚ-пен жұмыс» тақырыбында вебинар өтті
- 23.04.2020
- Posted by: RBNSG
- Category: Жаңалықтар
2020 жылдың 23 сәуірінде «Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана» РММ «БАҚ-пен жұмыс кезінде кездесетін кедергілер мен қиындықтар. БАҚ-пен жұмыс жасау кезіндегі стратегиялық жоспарлау» тақырыбында Zoom платформасында вебинар өткізді. «Равный-Равному» Қазақстан Ассоциациясының президенті, Джонатан Манна атындағы БҰҰ жүлдегері (2005 ж.) Сағынғали Бабанұлы Елькеев вебинардың спикері ретінде тақырыпты кеңінен ашты.
Вебинар спикері БАҚ-пен жұмыс жасау үшін стратегиялық жоспарлаудың келесі маңызды тұстарына тоқталды:
- Мақсаттарды айқындау;
- SMART бойынша мотивациялық мақсаттар;
- SWOT сараптау.
Сонымен қатар, Сағынғали Бабанұлы стратегиялық жоспарлаудың негізгі бағыттарына тоқталды: сыртқы бастамадағы өзгерістерге сәйкес келетін жаңа бастамаларды, жаңа бағыттарды іздеу, кедергілер мен қайшылықтарды жеңудің жолдарын ойлап табу және т.б.
Сондай-ақ, спикер сенімді серіктестер мен әлеуетті серіктестер сияқты маңызды ортаны талдауға тоқталды.
Вебинарға «ЗНКААРК» РММ-нің қызметкерлерінен басқа республикадағы зағип жандарға арналған арнайы кітапханалардың басшылары қатысты.
Вебинарға қатысушылар спикерге материалды қызықты ұсынғаны үшін алғыс білдіріп, осындай өзекті тақырып бойынша вебинарларды жалғастыруға тілектерін білдірді.