8 наурыз – халықаралық әйелдер күні. Осы атаулы мерекеге орай Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапханада оқырмандар мен аналарға арналған концерт кеші ұйымдастырылды.
Кітапхана директоры Асхат Байұзақов ел өмірінде әйелдердің ерекше рөл атқаратынына тоқталып, жас ұрпақтың санасына рухани құндылықтар мен ізгі қасиеттерді сіңіруде ананың орыны ерекше екенін айтты.
«Құрметті аналар мен арулар, Сіздерді 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтай отырып, шығармашылық табыстар, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға бірлік-береке, мол табыс тілеймін», деді Асхан Байұзақов.
Салтанатты шара барысында аналар мен аруларды құттықтап, әннен шашу шашып, сұрақ-жауап жарысы ұйымдастырылды.