News & Events
Алматыда Алғыс айту күніне орай салтанатты іс-шара өтті
- 26.02.2020
- Posted by: blindlib blindlib_kz
- Category: Жаңалықтар
Достық пен бірлікті ту еткен салтанатты шара «Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапханасы» РММ- ұйымдастырылды. Мерекелік шараға кітапхана оқырмандары мен өнерпаздар және мекеме ұжымы қатысты.
«Алғыс айту парызым» атты кешке кітапхана директорының орынбасары Махсұт Жұмабеков қатысып, құттықтау сөз айтты.
«Баршаңызды Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мереке қиын-қыстау уақытта қазақ халқының көрсеткен қамқорлығының ұмытылмайтынын білдіреді. Бұл айтулы мереке халқымыздың тату-тәтті, береке-бірлікте өмір сүруі үшін өте маңызды. Қазіргі жастар, тарихымызды біліп, есте сақтауы керек. Өйткені, тарих тағылымы шынайы патриотизм мен бірліктің үлгісін көрсетеді»,- деп атап өтті.
Кеш барысында әдеби-сазды «Незабудка» бірлестігінің мүшелері өздерінің жүрекжарды алғыстарын өлең шумақтарымен жеткізіп, «Өнер өрімдері» бірлестігінің мүшесі Айша Садырбаева ән шырқады. Шараға 56 адам қатысты.