News & Events
«Любви прекрасные мгновения»
- 21.02.2020
- Posted by: blindlib blindlib_kz
- Category: Жаңалықтар
Ақпан айының 21-ші жұлдызында ақын, жазушы, «Мұра» және «Жыл ақыны» сыйлықтарының номинанты В.И. Носуленконың шығармашылығына арналған музыкалық-поэтикалық кеш өтті.
Іс-шараның мақсаты: оқырмандарды ақын, жазушы, «Мұра» және «Жыл ақыны» сыйлықтарының номинанты В.И. Носуленконың шығармашылығымен таныстыру және оқырмандарды поэзия әлеміне, музыкалық өнерге баулу.
Кеш жүргізушісі өнер және спорт әдебиеттері бөлімінің қызметкері М. Макшпаева В. Носуленконың өмірбаянымен, сонымен қатар, ақынның шығармалары мен мадақтау алғыс хаттары қойылған көрмемен таныстырды.
Валентина Ивановна 1945 жылы 6 ақпанда Өскемен қаласында дүниеге келген. Жоғары, педагогикалық білімі бар, мектепке дейінгі психология және педагогика факультетін бітірген. 25 жылдан астам уақыт балалармен жұмыс істеді, алдымен тәрбиеші, кейін мектепке дейінгі тәрбие бойынша әдіскер, АХБК № 286 бала бақшасының меңгерушісі. Сондай-ақ, АХБК балалар бақшалары бойынша инспектор-әдіскер, АХБК тұрғын үй-коммуналдық бөлімінің бастығы, ПРАЙД ЖШС Бас директоры болып жұмыс істеді. Қазіргі уақытта құрметті еңбек демалысында.
Алғашқы елеулі жарияланымдары 2010 жылы жарық көре бастады. «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қоры» ҚҚ қаржылық қолдауымен жүзеге асырылған «Живая связь времен» жобасына қатысты. «Приключения Золотого Солнечного Лучика» және «Зоосад» өлең түріндегі конкурстық ертегілерге қатысып, «Сказочники среди нас» конкурсының жеңімпазы атанып, қорытынды жинаққа енді.
Содан кейін «Стихи рождаются в тиши», «Стихи и сказки для детей», «по зову сердца» өлеңдер жинағын шығарды. 2015 жылы «Открытие или Смерть в отражении» атты роман-детектив шықты.
Валентина Ивановна Махаббат, Әйел тақырыбы және Тағдырдың тәлкегі сияқты түрлі тақырыпта қалам тербейді. Сонымен қатар, В. Носуленко «Лира» триосының көркемдік жетекшісі болып табылады.
Шара барысында «Лира» триосы «Под окном черемуха колышется» және «Белая акация», «Только раз», «Поговори со мною мама», «Не жалею, не зову, не плачу» романстарын орындап, «Завеса молчания», «Мне выпало счастье», «Мама», «Ева» атты өзінің жүрек жарды өлеңдерін оқыды. Музыкалық-поэтикалық кешті әнмен әрлеген Антонина Путник, баянда сүйемелдеген Әділғазы Мыржақұлов.
Іс-шара соңында кітапхана директоры А.Қ. Байұзақов сөз сөйлеп, Алғыс хат табыс етті. Кеш көрермендердің көңілінен шықты.
Іс-шараға 42 адам қатысты.
Макшпаева М.С.,
өнер және спорт әдебиеттері
бөлімінің қызметкері