News & Events
Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапханада өнер және спорт әдебиеттері бөлімі «Өмірін өнерімен өрнектеген» атты қазақ кескіндемешісі, театр және кино суретшісі, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері (1965), Қазақстанның халық суретшісі. «Платинды Тарлан» сыйлығының иегері (2002) Гүлфайрус Мәнсүрқызы Ысмайылованың 90 жылдығына орай кітап көрмесін ұйымдастырды.
Кітап көрмесінің мақсаты – кітап қорындағы әдебиеттер арқылы ұлттық мәдениетіміздің тамыры тереңде жатқандығын ұғындыру, қазақтың тұлғалы өнер шеберлерінің әлемдік өркениетте алатын орнын насихаттау.
Гүлфайрус Ысмайылова 1929 жылы Алматы қаласында өмірге келген. Шын есімі — Күлпәш Тансықбайқызы Қоңарбаева. Гүлфайрусты кішкентай кезінен Мәнсүр Ысмайылов асырап алған, ол оның бес қыздарының үлкені болды.
1949 жылы Алматы көркемсурет училищесін бітірген. 1956 жылы Ленинградтың Репин атындағы кескіндеме, мүсін және сәулет өнері институтын (М.П. Бобышевтің кескіндеме класы бойынша) бітірді. 1947-1949 жылдары Қазақ консерваториясының вокальдық факультетінде оқыды. 1956-57 жылдары Алматы көркемсурет училищесінде сабақ берді.
1971—1974 жылдары Қазақтың опера және балет театрында бас суретші.
2013 жылы Алматыда қайтыс болды.
Шығармашылығы Ысмайылова бірнеше опера (Брусиловскийдің «Ер Тарғыны», 1967; Мұхамеджановтың «Жұмбақ қызы», 1972; Пуччинидің «Чио-Чио-Саны», 1972), балет (Тілендиев, Манаев және Степановтың «Достық жолымен» және Великановтың «Қамар сұлуы», 1958), спектакль (Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш-Баян сұлуы», 1958) және кинофильмдерге («Қыз Жібек», 1969-71) декорация мен костюмдер эскиздерін жасады. Ол — «Күләш Байсейітова Қыз Жібек рөлінде» (1962), «ұйғыр қыздары» (1966) картиналарының, «Халық шеберлері» триптихының (1967), Ш.Б. Жиенқұлова (1958), Ш.И. Жандарбекова (1960-1961), Б.А. Төлегенова (1963-1964), Ә. Қастеев (1966) портреті мен көптеген натюрморттардың авторы.
«Өмірін өнерімен өрнектеген» атты Қазақстанның халық суретшісі Гүлфайрус Ысмайылованың 90 жылдығына орай ұйымдастырылған кітап көрмесінде оқырман назарына өнер және спорт әдебиеттері бөлімінің кітап қорынан мынадай басылымдар қойылды.
1. Барманкулова Б. История искусств Казахстана. В 3-х т. (русский). –
Алматы: Өнер, 2011. Том 3.: Живопись. Графика. Скульптура – 192 стр.
2. Искусство Алматы в персоналиях / Гл. ред. Жакып Б.О. – Алматы:
ТОО Қазақ энциклопедиясы, 2009. – 264 стр.
3. Мастера изобразительного искусства Казахстана / Г. Сарыкулова, И. Рыбакова, М. Габитова, М. Досмагамбетова, Р. Ергалиева, С. Кумарова,Т. Рахимжанов. – Алма-Ата: Наука, 1984. – 280 с., ил., 7 л. ил.
4. Тельжанов К.Т. Государственный музей искусств Казахской ССР. Альбом репродукций. – Алма-Ата: Өнер, 1981. – 282 с. – (Тексты на каз., рус., англ., нем. и франц.яз.).
Аталған шара Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлт жоспары-100 қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» бес институттық реформасын жүзеге асыруға бағытталған 100 нақты қадамның «Біртектілік пен бірлік» атты 4-ші бағытының 87-ші қадамы «Менің елім» кең көлемді жобасын қамтыды.
Даржанова Г.Т.,
өнер және спорт
әдебиеттері бөлімінің
меңгерушісі