News & Events
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған ақпараттық-мотивациялық семинар өтті
- 10.12.2019
- Posted by: RBNSG
- Category: Біз жайлы БАҚ-да
Алматы. 26 қараша. Kazakhstan Today — 2019 жылдың 22 қараша күні Алматы қаласында «Қазақстандағы мүгедектерге ақпараттық-кеңес беру қызметі» жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі жандар үшін семинар өтті. Семинарды «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы, «Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхананың» қолдауымен Қазақстан Еріктілерінің альянсы өткізді. Жобаның негізгі мақсаты мүмкіндігі шектеулі адамдарға түсіндірме, ақпараттық қолдау көрсету, стресстік жағдайға көмектесу, әлеуметтену, өмір сүру сапасын жақсарту, қашықтан жұмыс істеуге мүмкіндік беретін жаңа технологиялардың көмегімен қосымша табыс алу мүмкіндігін көрсету. Алғы сөзбен кітапхана меңгерушісі Асхат Байұзақов, жоба жетекшісі Оқапова Асыл және «Мейірімді Ел» Мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Құрмашева Назира қарсы алды. Семинарды «Алматы қалалық мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің сарапшы үйлестірушісі, ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдар үшін инклюзивті білім беру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің штаттан тыс кеңесшісі Бегалиева Захира Оңғарбайқызы жүргізді. Оқу семинары «IT-те тең мүмкіндіктер әлемі» тақырыбында өтті, оның барысында қатысушылар әлеуметтік мәселелерді жаңа технологиялар арқылы қалай шешуге болатындығымен танысты. Қатысушылар сонымен бірге IT саласында жаңа мамандықтар алу мүмкіндігі туралы мәселелерді қарастырды, бұл мүмкіндігі шектеулі жандарға жұмыс табуға, қаржылық тәуелсіз болуға, әлеуметтенуге және өмірде өз жолдарын табуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, foodindustry.kz жобасының негізін қалаушы Төлеген Жанбота мүгедектігі бар адамдар өз жолын қалай табуға болатындығы туралы әңгімелеп, қатысушыларға өз идеяларын жүзеге асырып, арманға жетуге шақырды. Тренинг қорытындысы бойынша Сұрақ-жауап алаңы өткізілді, онда қатысушылар жобаны одан әрі жетілдіру және мәселелерді шешу бойынша өз идеялары мен ұсыныстарын ұсынды. Айта кету керек, «Зағип және көзі нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана» Республикалық мемлекеттік мекемесі Қазпоштаның каталогына 2006 жылы кірген еліміздегі зағип жандарға арналған жалғыз газеттің құрылтайшысы болып табылады. Бұл басылым газет, брайль форматында және интернет-нұсқада үш түрлі форматта шығады. Газет республика бойынша барлық арнаулы кітапханаларға таратылады. Оны шығаруға дене мүмкіндігі шектеулі, яғни, көзі нашар көрсетін азаматтар да қатысады. Газет Қазақ зағиптар қоғамының, «Зағип және көзі нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана» Республикалық мемлекеттік мекемесінің проблемаларын жариялайды, зағип жандардың материалдары жарық көреді, республикалық жаңалықтар шығады, еліміздегі арнаулы кітапханалардың жұмыс тәжірибесі ортаға салынады. Басылым 500 таралыммен шығады. Сондай-ақ, «Зағип және көзі нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана» Республикалық мемлекеттік мекемесі 2011 жылдан бері цифрлық стандартта жарық көретін «Менің жолым» — «Мой путь» атты жалғыз «сөйлейтін» басылымның құрылтайшысы. 2018 жылдың қорытындысы бойынша кітапхана қоры 248 393 кітапты құрайды, оның ішінде 32 133-і қазақ тілінде; Брайль жүйесіндегі кітаптар саны — 55 321. Кітапхана оқырмандары — 2889 адам, оның ішінде 1 094 адам зағиптар болса, 1 049 -ы — нашар көрсетін адамдар. Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық. При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна. Источник: www.kt.kz
https://www.kt.kz/kaz/society/_1377891695.html