News & Events
Кітап көрмесі Қанатты қаламгер
- 15.11.2019
- Posted by: blindlib blindlib_kz
- Category: Жаңалықтар
Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхананың жеке қызмет көрсету бөлімінде 2019 жылдың қараша айының 15-ші жұлдызында «Қанатты қаламгер» атты қазақтың атақты ақыны, жалынды жазушысы, дарынды драматург, білікті ұстаз, қоғам, мемлекет қайраткері, Қазақстанның қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі Бейімбет Майлиннің (1894-1938) туғанына 125 жыл толуына орай кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Кітап көрмесін ұйымдастырудағы негізгі мақсатымыз – Бейімбет Майлиннің өмірін, шығармашылығын насихаттай отырып, әрбір Казақстан азаматының еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.
Бейімбет Жармағамбетұлы Майлин — қазақтың көрнекті жазушысы, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі. Сауатсыздықты толық жою ұранын алға тартты «Сауаттылығы төмендерге арналған оқу кітабын» (1929); «Күш» — сауаттылығы төмендерге арналған оқулықты (1930); «Жаңаша оқы және жаз» құралын (1931) және Ғабит Мүсіреповпен және А. Ситдыковпен бірге «Сауатсыздарға арналған әліппені» (1935-1936) жазып шығарды. Туып-өскен жері — қазіргі Қостанай облысының Таран ауданы. Бір жасқа толмай жатып әкесінен, алтыға шығарда шешесінен айрылған. Жетімдік зардабын шегіп, байларға жалданады. Алғаш ауыл молдасынан оқып сауат ашқан.
1911-1915 жылдар аралығында Троицк қаласындағы Уәзифа медресесінде, Қостанайдағы орысша қазақша мектепте, Уфадағы Медресе Ғалияда оқып білім алған. 1916-1919 жылдары мұғалім болады, жазушылықпен шұғылдана бастайды. «Қазақ», «Ауыл» газеттері мен «Айқап», «Садақ» журналдарына жазып тұрады. Бейімбет Майлин «Еңбекшіл қазаққа» «Еңбек туы» болып тұрған кезде-ақ атсалыса бастаған. Алғаш мақалаларымен қатысқан ол әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, хатшысы да болған, редакторлыққа дейін өскен. Бірақ көп істемеген.
1920-1922 жылдары газетті жасауға алғаш шығарушылар алқасы басшылық жасап, кейін жекелеген тұлғалар келе бастаған тұста басылымға Бейімбет Майлин секілді жеті-сегіз адам жетекшілік еткені мәлім. Содан соң, «Еңбекші қазақ» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде қызмет істеп (1922-1923), Қостанайдағы губерниялық «Ауыл» газетінде шығарды (1925). 1925-1928 жылдары қайтадан «Еңбекші қазақ» газетінде қызмет істеп, Қазақтың пролетар жазушылары ассоцияциясын (ҚазАПП) ұйымдастыруға қатыст(1928-1932). Мұнан кейінгі 30-шы жылдарында «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары, «Ауыл тілі», «Қазақ әдебиеті» басылымдарының бас редакторы болып істейді. 1938 жылы жазықсыз тұтқындалып, қызыл қырғын саяси репрессияның құрбаны болды.
Кітапханамызда ұйымдастырылған «Қанатты қаламгер» атты кітап көрмесінде оқырман назарына Бейімбет Майлиннің төменде аталған басылымдары қойылды.
1.Майлин Б. Көп томдық шығармалар жинағы. – Алматы: Қазығұрт, 2005. (15 томдық шығармалар жинағы)
2.Майлин Б. Бес томдық шығармалар жинағы. – Алматы: Жазушы, 1986. (5 томдық шығармалар жинағы)
3.Майлин Б. Көп томдық шығармалар жинағы. Т. 2. Әңгімелер, фельетон, мақалалар. – Алматы: Жазушы. – 2003. – 192 б.
4.Майлин Б. Қызыл жалау. – Алматы: Жазушы. – 1979. – 384 б.
5.Майлин Б. Памятник Шуге. – Алматы: РГУ «РБНСГ». – 2003. – 76 б. (Брайльдің бедерлі-нүктелі шрифтімен басылған кітап)
6.Үш арыс: 1894-1938: Capro, 2019.
7.Майлин Б. Шұғаның белгісі: хикаят, әңгімелер. – Алматы: Рарирет. – 2006. – 256 б.
8.Майлин Б. Повестер және әңгімелер. – Алматы: Жазушы. – 1977. – 544 б.
9.Майлин Б. Көшпелі махаббат. – Астана: Таным. – 2003. – 80 б.
10.Ерікқызы К. Геноцид // Парасат. – №6. –2015. – 2-3 бб.
11.Қойгелді М. Әлекеңдер құрған Ұлттық «Алаш» партиясындай партия бізде болған емес // Аңыз адам. – №24. – 2014. – 8-11 бб.
12.Көшекбаев Ә. Мұражайдағы қуғын-сүргін құжаттары // Мәдениет. –5. – 2017. – 18-25 бб.
13.Асқарұлы А. Азаттық жолында // Парасат. – №3. –2017.– Б.16-18бб.
14.Қойшыбаев Б. Қасіретті де салтанатты ғасыр, киелі ай және қасиетті-қастерлі тәуелсіздік // Мәдениет. –10. – 2016. – 6-9 бб.
15.Тұрғынов Е. Ұлттық сипатта оқулық жазған жазушы // Жалын. –2. – 2019. – 115-125 бб.
16.Майлин Б. Повести и рассказы [Дыбыс жазба]. – Алматы: РГУ «РБНСГ», 2016.
17.Майлин Б. Памятник Шуге [Дыбыс жазба]. – Алматы: РГУ «РБНСГ», 2016.
18.Майлин Б. Рыжая полосатая шуба [Дыбыс жазба]. – Алматы: РГУ «РБНСГ», 2016.
19.Майлин Б. Повести и рассказы [Дыбыс жазба]. – Алматы: РГУ «РБНСГ», 2013.
20.Майлин Б. Шұғаның белгісі [Аудио кітап]. – Алматы: РГУ «РБНСГ», 2011.
21.Майлин Б. Шұғаның белгісі [Аудио кітап]. – Алматы: РГУ «РБНСГ», 2008.
Жеке қызмет көрсету бөлімі Отарбай Ш.М.