News & Events
«13 қараша – Халықаралық зағиптар күні»
- 11.11.2019
- Posted by: blindlib blindlib_kz
- Category: Жаңалықтар
Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхананың жеке қызмет көрсету бөлімінде 2019 жылдың қараша айының 11-ші жұлдызында «13 қараша – Халықаралық зағиптар күніне» орай кітапхана қызметкерлері арасында шара ұйымдастырылды.
Шараны ұйымдастырудағы негізгі мақсат: «Халықаралық зағиптар күні» туралы мағлұмат беру, қоғам назарын көздері көрмейтін және нашар көретін жандарға аударту арқылы олардың өмірін жақсартуға атсалысу, салауатты өмір салтын жүргізуіне арналған жағдайлар қарастыру және кітапхана қызметкерлері арасында зағип жандарға қызмет көрсету ережелерін түсіндіру.
Шара аясында халықаралық зағиптар күнінің бастау алу тарихы туралы айтылып, слайд көрсетілді. Ж.Медьярова «Көру қабілеті нашар адамдарды ертіп жүру әдістері» тақырыбында слайд дайындап, А.Мырзабеков пен Б. Поволоцкая практикалық түрде кітапхана қызметкерлеріне зағип жандарды жетектеп алып жүру ережелерін көрсетті. Сондай-ақ, іс-шарада «Саусақ ұшындағы әлем» іскерлік ойыны да өткізілді. Ойын барысы зағип жандардың жағдайын сезінуге, түсінуге бағытталған. Кітапхана қызметкерлері өткізілген әрбір ойынға қатысып, белсенділік таныта білді. Әсіресе кітапханаға жаңадан келген жас мамандар тәжірибе жинап, көптеген мәліметтерге қанық болды.
Жазмыштың жазуымен жанарынан айрылған азаматтар аз емес. Әлемді жүрекпен сезетін зағип жандардың қоғаммен қарым-қатынасын жүйелі түрде жасауда зағиптар күнін тойлаудың маңызы ерекше.
БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының шешімімен 1992 жылы 13-қараша Халықаралық зағиптар күні болып белгіленген болатын. Ал дәл осы күн елімізде 2011 жылдан бері тойланып келеді.
Шараға 35 адам қатысты.
Кітапхана ісін дамыту,
библиография және тифлология бөлімі