«Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана» республикалық мемлекеттік мекемесінде Алматы қаласы мен Алматы облысының әр ұлттарының зағип азаматтарының арасында қазақ әндерінің жетінші «Менің елім» атты байқауы өтті.
Байқауда ересек орындаушылармен қатар, Алматы, Есік, Тараз қалаларынан келген 14 зағип мектеп оқушылары қатысты.
«Менің елім» байқауының негізгі мақсаты: Алматы қаласы мен Алматы облысы әр ұлттың зағип азаматтарының арасында қазақ әндерін (соның ішінде зағип композиторлардың) насихаттай отырып, әр ұлттың зағип әуесқой әншілерінің назарын қазақ халқының музыкалық шығармашылығына аудару және олардың қазақ тілін меңгеруіне ықпал ету.