News & Events
2019 жылдың 22-24 қазан күндері «Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана» РММ 2019 жыл – Жастар жылы аясында жыл сайынғы дәстүрлі шара Ашық есік күндері өткізілді.
Шараның мақсаты: кітапхана қызметімен жалпы жұртшылықты таныстыру, зағип қызметкерлердің жұмыс орындарын көрсету, мектеп оқушылары, жоғары оқу орындары студенттерін, оқырмандарды кітапханаға тарту.
«Ашық есік күндері» аясында:
Қазақстан Республикасының ескерткіштерінің тарихы және мәдениеті тактильді кітапта»; «Біздің басылымдар»; сонымен қатар, DAISY, МР3 форматтағы аудио кітаптардан және тифлоқұралдардан жасақталған «Саусақ ұшындағы әлем» көрмелері арқылы Мәдени мұрамызды, кітапхананың нүктелі-бедерлі қаріптегі төл басылымдарын насихаттау; Кітапхананың арнайы дыбыс жазу студиясы жұмысы барысымен, зағип және нашар көретін азаматтарға арналған тифлотехникалар мен құралдарды жұмыс барысында қолдануымен таныстыру; зағип қызметкерлердің жұмыс орындарын көрсету мақсатында кітапхана бөлімдеріне экскурсия жасау арқылы шараға келген мемлекеттік мекеме басшыларын, қалалық кітапхана қауымдастығының мүшелерін, қоғам қайраткерлері мен зиялы қауым өкілдерін, ЖОО тәлімгерлерін, ҮЕҰ мүшелерін және оқушыларды кітапхананың жалпы тыныс-тіршілігімен таныстыру; кітапхананың белсенді оқырманы, зағип музыкант Муржакулов Әділғазы жайында түсірілген «Мен өмірді сүйемін» атты бейнебаянды тамашалау, зағип жандарды кеңістікте бағдарлап, жүріп-тұрып дағдыларына үйрету туралы ақпараттық слайдтар көрсетілді.
Ашық есік күндері кітапханаға ҚР Ұлттық кітапханасының қызметерлері мен Есік қаласының облыстық көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнайы мектеп интернатының қызметкерлері келіп, сонымен бірге Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университетінің өнер және мәдениет факультетінің кітапхана және библиография мамандығының студенттері әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің тарих, археология және этнология факультетінің кітапхана ісі мамандығының студенттері, Н. Островский №4 мектеп-интернатының оқушылары мен ұстаздары, көз аурулары қазақ ғылыми зерттеу институтының қызметкерлері, Республикалық медициналық колледж студенттері қатысты.
«Ашық есік күндерінде» Нұр-Отан партиясы Алмалы аудандық филиалының мүшелері кітапханамыздың қызметкерлеріне Джайдаров М.М., Мырзабеков А.Қ., Мустаханова Г.А., Даржанова Г.Т., «Алғыс хат» тапсырды.
Ашық есік күнінің соңғы күнінде Алматы қаласының әкімінің мүгедектер істері жөніндегі кеңесшісі, Қ. Иманалиев атындағы мүгедектер құқықтары жөніндегі комиссияның төрағасы В.Ю. Аллаевпен «Қаржылық инклюзия: мүмкіндігі шектеулі жандарға банктік қызметтердің қолжетімділігі» тақырыбында кездесу өтті. Кездесу барысында мүмкіндігі шектеулі жандар толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, сұрақтарға жауап берілді.
Үш күнге созылған ашық есік күндеріне 120-ға жуық қатысушылар қатысып, кітапхана қызметімен таныс болып, зағиптар әлеміне шолу жасап қайтты. Ашық есік күндері кітапханаға келген барлық қонақтар оңалту кабинетінде орналасқан пікір кітабына өз пікірлері мен тілектерін қалдырды.
Кітапхана ісін дамыту,
библиография және тифлология бөлімі