Кітапханамызда Ашық есік күндері жалғасын табуда 24 қазан сағ. 11.00-де Алматы қаласының әкімінің мүгедектер істері жөніндегі кеңесшісі, Қ. Иманалиев атындағы мүгедектер құқықтары жөніндегі комиссияның төрағасы В.Ю. Аллаевпен «Қаржылық инклюзия: мүмкіндігі шектеулі жандарға банктік қызметтердің қолжетімділігі» тақырыбында кездесу өтті. Шараға кітапхана оқырмандары және әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің тарих, археология және этнология факультетінің кітапханатану және библиография мамандығының студенттері қатысты.