News & Events
Қазан айының 9-шы жұлдызы «Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана» РММ-сі 1-қазан қарттар күніне орай Алматы қаласындағы жалғыз басты зейнеткерлер, мүгедектер, зейнеткер жасындағы ерлі-зайыптыларға арналған «Қамқор» Әлеуметтік тұрғын үйінде болып қайтты.
Сондай-ақ, ақыл-парасаты жарасқан қазына қарттарымызға арнап, № 184 мектеп оқушылары, № 105 мектеп-гимназиясы оқушылары, «Сүйінбай сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамблі мен «Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана» РММ қызметкерлері бірлесіп концерттік кеш өткізді. Кеш барысында концерттік бағдарламалар жүзеге асырылып, кітапхана ұжымы атынан сый-сыяпаттар беріп, бөлім қызметкері Момбекова Назым қарттарымызға ән-шашуын арнады. Кеш соңында қарияларымыз қосыла ән шырқап, ризашылығын білдірді.
Мақсаты: Үлкендерге құрмет көрсетіп, сыйлауға, мейірімді болуға шақыру, ақ жаулықты әжелер мен ақ сақалды қарттардың батасын алу.
Бүгінгі жас, ертеңгі — қария. Мұны әр бір қазақ азаматтары жадында сақтап, көңілге түйіп, атасыз үйлері — батасыз, анасыз үйлері — панасыз қалатынын ескерген дұрыс. Сондықтан ақсақалдарымыздың қадіріне жетіп, құрметтейік, бас иеиік, өмір бойы борыштар екенімізді ұмытпайық!
Алматы қаласының «Қамқор» Әлеуметтік тұрғын үйі
Алматы қаласының «Қамқор» Әлеуметтік тұрғын үйі Қазақстанда алғашқы болып, Алматы қаласы әкімінің 2001 жылдың 19 ақпанындағы №93 шешімімен жалғызілікті зейнеткерлер, мүгедектер, зейнеткер жасындағы ерлі-зайыптылар үшін, Әлеуметтік тұрғын үй ашылды. Бір және екі бөлмелі пәтерлері бар, лифтпен жабдықталған бес қабатты 74 пәтерлі екі үй.
Әлеуметтік тұрғын үйге Алматы қаласында тұрақты тіркеуде тұратын зейнеткерлер орналаса алады.
Әлеуметтік тұрғын үйге орналасудың басты шарты зейнеткерлер құқықтық меншігіндегі пәтерін қаланың коммуналдық меншігіне тапсыруы қажет. Сыйға тарту шартына сәйкес Әлеуметтік тұрғын үйден өмірлік бір немесе екі бөлмеден тұратын пәтер беріледі.
Әр зейнеткер зейнетақысы мен жәрдемақысын толық көлемде алып, өзінің қаржылық тәуелсіздігін сақтап қалады.
Әлеуметтік тұрғын үйге орналасқысы келетін зейнеткерлер құжаттарын тіркеуде тұрған жері бойынша аудандық әлеуметтік әл-ауқат бөліміне ұсынады.
Әлеуметтік тұрғын үйдің тұрғындарына берілетін кепілдіктер: тұрғын үй-коммуналдық қызметтері толық көлемде төленеді (қалааралық және халықаралық телефон қызметтерінен басқа), орналастыру кезінде
жайластыруға көмек көрсетіледі, күніне бір уақыт тегін ыстық түскі ас беріледі.
Әлеуметтік тұрғын үйде сенсорлық бөлме, тренажерлық зал, массаж кабинеті, жылыжай, кітапхана, шаштараз және кір жуатын орын бар.
Медициналық кабинет жұмыс істейді, терапевт, кариолог дәрігерлері күнделікті тұрғындарға қабылдау жүргізеді және медбикелер тәулік бойы кезекшілік жасайды.
Емдік дене шынықтыру жөніндегі нұсқаушы бағдарлама бойынша топтық және жеке жаттығулар өткізеді.
Әлеуметтік үйде тұратын тұрғындарға, мерекелік әр түрлі мәдени іс-шаралар ұйымдастырылады.
Музыкалық жетекшінің ұйымдастыруымен «Халықтар дауысы» хор үйірмесі, «Атамекен» ұлттық аспаптар оркестрі жұмыс істейді.
Тұрғындарды сауда орталықтары, театр, емханаларға тасымалдауға арналған микроавтобус көлігі бар.
Тұрғындардың әрқайсысына пәтерді тазалайтын, кір жууға киімдерді өткізетін, емханаға, дәріханаға апаратын әлеуметтік қызметкерлер бекітілген.
Үлкен қоршалған жасыл аумақта жеміс-жидек пен сәндік ағаштары, көпжылдық гүлдер өседі. Мәдени шаралар өткізетін жаздық алаң, демалуға арналған орындар, аулада жаттығуларға арналған дала тренажерлары орнатылған.
Аумақ тәулік бойы күзетіледі, тұрғындардың қауіпсіздігі үшін бейнекамералар орнатылған.
Жарғыға сәйкес Әлеуметтік тұрғын үйге туберкулез, наркологиялық, тері-венерологиялық және психоневрологиялық диспансерде есепте тұрған зейнеткерлер орналаса алмайды.
Тұрғын қайтыс болған жағдайда жерлеу рәсімін Әлеуметтік тұрғын үйдің әкімшілігі жүзеге асырады.
Әлеуметтік тұрғын үйдің мекен-жайы:
Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Н.Тілендиев көшесі 256/1 үй Электрондық почта socdom-sosdom@bk.ru
Тел.: 3923786, 3924072, 3923738
Өнер және спорт әдебиеттері бөлімі