7 қазанда кітапханамызға Орталық Азияны саяхаттап келе жатқан атақты велоспортшылармен кездесу өтті. Кешті велоспортшы, экстрималды спорт түрінің бірі — тауға өрмелеуден Қазақстан чемпионы Сейтжан Кенжеғұл жүргізді.
Италиялық зағип спортшының бірі Дэвид Валакки және көмекшісі Самуэль Сприано өздерінің саяхаты жөнінде бастарынан кешкен қызықты оқиғаларын баяндады. Олар «I to eye» жобасы аясында Рим мен Пекин бағытындағы 15 000 км қашықтықты велосипедпен жүріп өтуде. Дэвид табиғаттың тамаша құбылыстарын көзбен көрмесе де, іштей сезетінін, табиғатпен үндес екенін жеткізді.
Шараға «Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана» РММ директоры Асхат Байұзақов және «Алматы» спорт клубының директоры Найзабек Сағымбаев, кітапхана оқырмандары мен қызметкерлері, «Спорт без границ» командасының велоспортшылары қатысып, «спорт» саласына байланысты ойларын ортаға салды.
Өнер және спорт әдебиеттері бөлімі