News & Events
А сердцу, право, надо мало
- 30.09.2019
- Posted by: RBNSG
- Category: Жаңалықтар Оқырмандар шығармашылығы
28-ші қыркүйекте кітапхананың жанынан құрылған «Незабудка» әдеби-музыкалық бірлестігінің аясында зағип ақын, «Қаламқас» вокалды тобының, «Соловьи Алатау» орыс хорының және украин мәдени орталығының «Украина» хорларының мүшесі, ақын Марфа Сергеевна Глущенконың туғанына 75 жыл толуына орай «А сердцу, право, надо мало» атты шығармашылық кеші өтті.
Марфа Сергеевна 1944 жылы 13-ші тамызда Ростов облысының Новочеркасск қаласында дүниеге келген. Балалық шағы жетімдер үйінде өтті.
1963 жылы Саратов қаласындағы зағип балаларға арналған орта мектепті бітіріп, Кисловодскідегі кәсіби массажистерді даярлайтын мектепке түсті. Марфа Сергеевна еңбек жолын 1965 жылы Алматыдағы С.М. Киров атындағы зауытта медбикеліктен бастаған болатын. Осы жылы Қазақ Соқырлар Қоғамының мүшелігіне қабылданды.
Марфа Сергеевна өмірде өзінің белсенділігімен танылып, зағиптар қоғамының, мәдениет үйінің және кітапхананың барлық мәдени іс-шараларына өзінің мол үлесін қосып, мол тәжірибесімен бөлісуден шаршамайтын қажырлы жан.
Қатал тағдырдың сынақтарына мойымаған Марфа Сергеевна рухының күштілігінің арқасында өмірде өз орнын таба білді. Қазіргі таңда Марфа Сергеевнаның қоғамдағы тағы бір қыры ол әр алуан тақырыптағы өлеңдерін оқырман қауымға сыйлауы.
Ұзақ жылғы қажырлы еңбегі үшін Марфа Сергеевна «Еңбек ардагері»медалімен сондай-ақ Денсаулық сақтау министрлігі, Қазақ Соқырлар Қоғамының Мақтау Грамоталарымен марапатталды.
2008 жылы Марфа Сергеевна Қазақ Соқырлар Қоғамының мәдени өміріне мол үлесін қосқаны үшін Алматы қаласының Мәдениет басқармасының дипломымен марапатталды.
2019 жылы кітапхана ақынның «Песнь и поэзия — жизнь моя» атты өлеңдер жинағын басып шығарды.
Кешті Марфа Сергеевна «Поющая домбра», «Тимочке от няни» және «С днем рождения» өлеңдерімен ашты. Ақынның кешіне арнайы жазған өлеңдерін «Незабудка» әдеби-музыкалық бірлестіктің жетекшісі, ақын Владимир Ивановский, Валентина Любина, Мариям Иминова, Саадат Сакиева арнау өлеңдерін оқыса, Прасковья Савинкина, Галина Коробова, Геннадий Демин, Илья Паздеров, Индира Мезикова кешке арнайы дайындаған әндерін шырқады.
Кеш соңында кітапхана ісін дамыту, библиография және тифлология бөлімі қызметкері Марина Макшпаева кеш иесі Марфа Сергеевнаға құттықтау сөзін айтып, кітапхана шығарған «Песнь и поэзия — жизнь моя» атты өлеңдер жинағын сыйға тартты.
С. Тлеукенова