News & Events
Садық Кәрімбаевтың 100 жылдығы және Жақсыгелді Сейіловтың 70-жылдығына орай солист-вокалистердің республикалық конкурсы
- 19.09.2019
- Posted by: RBNSG
- Category: Жаңалықтар
Ағымдағы жылдың қыркүйек айының 17-і күні «Спутник» демалыс үйінде «Қазақ соқырлар қоғамы» көз мүгедектері арасында Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхананың қолдауымен Садық Кәрімбаевтың 100 жылдығы және Жақсыгелді Сейіловтың 70-жылдығына орай солист-вокалистердің республикалық конкурсы ұйымдастырылды. Конкурс мемлекеттік «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өтті. Бұл ауқымды іс-шараға республикамыздың барлық облыстарынан 29 адам қатысты.
Іс-шараның мақсаты: Қазақстандағы зағип жандардың шығармашылығын насихаттап, жұртшылыққа кеңінен тарату.
Конкурстың қазылар алқасы: Алатау дәстүрлі өнер театрының мүгедектерге мәдени қызмет көрсету бөлімінің басшысы, әнші, режиссер Әділханов Ғазизхан Ыбрайханұлы, осы аталмыш театрдың жанынан құрылған «Армандастар» вокалды-аспапты тобының жетекшісі, әнші Полищук Батима Сағынғалиқызы, республикалық байқаулардың жүлдегері Жақанбаев Думан Болатұлы.
Әншілердің республикалық конкурсы 2 кезеңмен өтті. Конкурстың 1-ші кезеңінің шарты бойынша әр облыстан келген 29 қатысушы зағип әнші-композиторлар Садық Кәрімбаевтың немесе Жақсыгелді Сейіловтың бір әнін орындап берді, бірінші кезеңнен қазылар алқасы ең үздік деген он орындаушыны іріктеп алды. Таңдап алынған әнші конкурстың екінші туры, гала-концертке жолдама алып, еркін тақырыптағы әндерін орындады. Екінші турда он орындаушының ішінен ең үздігі іріктеліп алынды. Конкурстың соңында қазылар жүлделі орындардарға ең үздік 7 орындаушыны атады.
Гран-приді Алматы облысынан келген Даукен Алғысбек жеңіп алды. 1-ші орынды Батыс Қазақстаннан келген әнші Беердыгалиев Хатимолла ағамызға бұйырды, 2-ші орынды Маңғыстау облысынан келген Кенжеғараева Гүлфайруз иеленді, 3-ші орын Түркістан облысынан келген Төребай Нұржан еншіледі.
Сонымен қатар қазылар алқасы 3 жүлделі номинацияны да атады олар: «Тәжірибесі мол әнші» атағына Павлодар облысынан келген 80 жастағы Қозғанов Қадырхан ағамызға табыстады, ал «Ең жас шебер орындаушы» марапатын Алматы облысынан келген Арғын Нұрданаға берді және «Көрермендер көзайымы» жүлдесі Шымкент қаласынан келген Жуашпаева Гүлхаяға табысталды. Конкурстың қалған 22 қатысушыларына ұйымдастырушылардың арнайы дипломдары мен конверттері табысталды.