14 тамыз күні Кітапханада кітапхана қызметкерлеріне арналған Шона Смаханұлының «Шымшыма» атты сатиралық өлеңдер кітабының тұсаукесері өтті.
Кітап бедерлі-нүктелі каріпімен басып шығарылды. 2 кітаптан (үш дана) тұрады. Кітап мұқабасы түрлі-түсті безендіріліп, пластмасс серіппемен түптелген. Шара барысында Шона Смаханұлының өмірбаяны оқылып, көпшілік кітаппен кеңінен танысты.
Кітапқа енген сатиралық өлеңдер тарихы Кеңес Одағының кезеңіне жатады. Автор өлеңдерінің тақырыптары бүгінгі күні де өзекті болып отырған бюрократизм, алкоголизм, сыбайлас жемқорлық және Кеңес кезеңіндегі отбасылық өмірді және т.б. мәселелерді әжуалайды.
Нүрия Баймұратова