Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапханада 2019 жылдың 25 шілдесінде баларға арналған іс-шара өтті. «Балалар әлемі» атты кітап көрмесінде Б. Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа», 1100 Қызықты дерек «Әлемнің қасиетті жерлері», З. Меирханованың «Батыр құмырсқа», Ж. Смақовтың «Бала балпаң және оның бес саусағы», «Ағила Сауран ертегілері» сынды қазақстандық авторлардың кітаптарымен танысты. Сондай-ақ, көрмеде ресейлік авторлар Д.Н. Мамин-Сибиряк және Н. Кончаловскаялардың «Серая Шейка», «Двенадцать месяцев», Русская сказка «Лисичка со скалочкой», «Наша древняя столица», Русская сказка «Смоляной бычок» атты кітаптары орын алды.
Кітап қорын сақтау және абонемент бөлімінің қорындағы 2856 дана балаларға арналған кітаптардың 1300 данасы қазақ тілінде болса, 56 дана шетел әдебиетіне тиесілі.