News & Events
Халықаралық шахмат күні Дүниежүзілік Шахмат Федерациясының бастамасы бойынша 1966 жылдан бері атап өтіліп келеді. Халықаралық Шахмат Федерациясының күні (ФИДЕ) 20 шілде 1924 жылы Парижде құрылған. Айтулы датаға биыл 95 жыл.
Ағымдағы жылдың 27 шілде күні Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапханада Бүкіләлемдік шахмат күніне орай мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған «Алматы» спортклубы, Қазақстан Республикасының Зағип спортшылар одағы және «ЗНКААРК» РММ ұжымы бірлесе турнир өткізді.
Шахмат күніне орай әрі «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткен турнир мүмкіндігі шектеулі азаматтардың арасында интеллектуалды ойынды насихаттай отырып, олардың спорттық шеберлігін шыңдауды мақсат етеді.
Жыл сайынғы дәстүрлі шахмат додасы әйелдер мен ерлер арасында қатар жүрді. Қызықты әрі қатаң бәсекелестік жағдайында өткен додада әйелдер арасында ІІІ орынды мектеп оқушысы Сабина Ермұрат жеңіп алса, ІІ орын Нүрия Баймұратованың, І орын Любовь Виноградованың еншісіне тиді. Ал ерлер арасында ІІІ орынға Батырхан Құрмашев, ІІ орынға Жеңіс Батыров және І орынға Мақсұт Жұмабеков ие болды.
Бұқаралық сипаттағы спорттық шараға әр жылдарда жиырмадан астам спортшы қатысып жүрген болса, биылғы жылы 11 спортшы, оның ішінде екі мектеп оқушысы қатысты. Жеңімпаздарға арнайы сый-сияпаттар мен «Ақсай» нан-тоқаш комбинаты» ЖШС-нің тәттілері үлестірілді.
Өнер және спорт
әдебиеттері бөлімі