News & Events
1994 жылы Қазақстан Республикасы Парламенті отырысында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның астанасын Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы ұсыныс жасады. 1997 жылы 20 қазанда астананы ауыстыру туралы Жарлыққа қол қойды. 1998 жылы 6 мамырда Ақмола қаласының атауы Астана болып өзгерді. 1998 жылы маусымның 10-да жаңа Елорданың халықаралық тұсаукесер рәсімі өтті. Бұл күн 2006 жылдан бастап шілденің 6-сы елорда күні ретінде атап өтіледі.
6 шілде 2008 жылы 25 маусымда қабылданған заң бойынша Қазақстанда Астана күні (Нұр-Сұлтан) мемлекеттік мейрам болып аталып өтіледі.
Астана (Нұр-Сұлтан) – бұл қазақ елінің мақтанышы. Оның негізін қалаған қазақ елінің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Жас қала күннен-күнге өзгеріп, халқымыздың ең үздік қаласына айналуда.
Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған кітапхана заман ағымынан қалыс қалмай астана күніне орай кітапханада кітап көрмесін жасақтады. Көрмеде Нұр-Сұлтан қаласының пайда болуы және тарихы жөнінде толық айтылады.
Көрмеге қойылған кітаптар: Н.Ә. Назарбаев, «Еуразия жүрегінде», Н.Ә. Назарбаев «Ақыл — Парасат кітабы», Н. Назарбаев «Мәңгілік ел», Ғасырға бергісіз жылдар, «Астана» Фотоальбом 2018.