News & Events
Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапханада өнер және спрорт әдебиеттері бөлімінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің ел басқарғанына 30-жыл толуына орай «Ел бастаған-Елбасы» атты әдеби сазды кеші өтті. Кешке Ұлт басшысымен бірге жалын атқан жастық шағын бірге өткізген сыныптастары Рая Сиразитдинова, Ғалия Жексенбаева, «Елбасы Сыныптастары» ұйымының жетекшісі Бақытжан Сертеков және кітапхана оқырмандары, қызметкерлері қатысты. Кездесу барысында Елбасы өмірінен сыр шертетін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті туралы деректі фильмінің көрсетілімі болды. Елбасының сыныптасы болған Сиразитдинова Рая, Жексенбаева Ғалия сағынышпен қалған бал-балалық шақтарынан естеліктер айтып, тұңғыш Президент жастайынан алғырлығымен ерекшеленген, Көш басшылығымен көзге түскен. Өз ортасын спорт пен мәдениетке шақырып ұқыптылықты орната білген. Осылай деген Елбасының сыныптастары араларынан мемлекет басшысы шығады деп ойламағандарын жеткізді. Кітапхана оқырмандары ел тану Елбасынан басталатынын ұғып Президент замандастарының тамаша өрілген естеліктерін тыңдады.
Кеште оқырмандар өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойды.
Ұлттың ұлық ұл-қыздары болуға ұмтылыстары күшейгенін айтты. Тәуелсіз мемлекетіміз бүгінде жастарды қолдап отыр кез-келген азаматтың оқып тәжірибе тоқып қызмет етуіне барынша жағдай жасалған. Елімізді тар жол-тайғақ кешу талай кезеңдерден сүріндірмей, әлем мойындаған мемлекеттің негізін қалады. Сондықтан елдегі игіліктердің барлығы Тұңғыш Президент, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты. Кеште құттықтау сөз кітапхана басшысы Байұзақов Асхат Құсайынұлына берілді. «Тәуелсіздіктің небәрі 30-жылдығы ішінде бағындырған белестеріміз жетерлік. Алда алар асуларымыз одан да көп. Бүгінде еліміз дамудың даңғылына түсе отырып, әлемдегі озық елдердің қатарынан ойып тұрып орын алды. Бұл еліміздің шыңға өрлеп, бүкіл әлем мойындаған ел болуына аянбай еңбек еткен Елбасының арқасы екені бүгінде баршамызға аян. Бұл мерекенің тойлануының өзіндік халыққа берері мол. Осы мереке арқылы жас ұрпақ Тәуелсіз Қазақстанның тарихын танып, оның ел болып қалыптасу жолында қандай тұлғаның аянбай еңбек еткенін жадында сақтауына үлесін қосады»,-деді. Сондай-ақ Елбасының сыныптастар ұйымының жетекшісі Сертеков Бақытжан сөз сөйлеп ой-пікірлерін ортаға салып, жылы лебіздерін білдірді.
Шара барысында Алатау дәстүрлі өнер театрының мүгедектерге мәдени қызмет көрсету бөлімінің басшысы Әділханов Ғазизхан «Ауылға барам», «Армандастар» вокальді ансамбілінің әншісі Дүйсембиев Ержан «Үш қоңыр», «Менің елім аңсаған» әндерін орындап көпшілікті риза етті.
Кеш қонақтары Көшбасшының сыныптастарымен болған кездесу кешінің тартымды өткеніне дән риза болып тарасты.
Аталған шара Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлт жоспары-100 қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» бес институттық реформасын жүзеге асыруға бағытталған 100 нақты қадамның «Біртектілік пен бірлік» атты 4-ші бағытының 87-ші қадамы «Менің елім» кең көлемді жобасын қамтыды.
Шараға 61 оқырман қатысты.
Назым Момбекова,
Өнер және спорт әдебиеттері
бөлімінің қызметкері