News & Events
«1-маусым — Халықаралық балаларды қорғау күні»
- 03.06.2019
- Posted by: RBNSG
- Category: Жаңалықтар
Балалар күні 1950 жылдан бастап, Халықаралық балаларды қорғау күні болып келеді. Біздің Қазақстан Республикасында балалар құқығы заңмен бекітілген. Халықаралық балалар күні — әлемнің түкпір-түкпіріндегі балаларға қуаныш сыйлайтын мейрам ғана емес, кішкентай балалардың құқығын қорғап, оларға қамқор болуға, әлімжеттік, қысым жасамауға үндейтін мейрам. Қоғамды кемтар, жетім, тұрмысы нашар отбасынан шыққан балаларды қорғауға, қолдауға шақыратын күн.
Осыған орай, маусым айының 1-жұлдызында «Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана» РММ-нің қызметкерлері балаларымен «Балаларды қорғау күні» туралы түсініктерін бекіту, ойын — сауықта өлең айтып, би билеу арқылы белсенділіктерін арттыру, балаларды өзін құрметтеуге, әлеуметтік мәнділік сезімін, жеке тұлға ретінде көрсете білуге тәрбиелеу мақсатында «Немо» дельфинарий ойын-сауық орталығына және хайуанаттар бағына барып, балалар күнін атап өтті. Балалар дельфиндердің судағы әр түрлі қимылына таң тамаша болып, өз қызығушылықтарын жасыра алмады.