News & Events
«Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныш» атты кітап көрмесі
- 04.06.2019
- Posted by: RBNSG
- Category: Жаңалықтар
Маусым айының 4-ші жұлдызында Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапханада, 4-маусым Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздер күніне орай «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныш» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Кітап көрмесін ұйымдастырудағы мақсат – өскелең ұрпақтың мемлекеттік рәміздер жөніндегі білімдерін кеңейту, оларды отаншылдыққа, ұлтжандылыққа, өз елінің тарихын білуге тәрбиелеу.
1992 жылғы маусымның 4-де Тәуелсіз Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері алғаш рет бекітілді — бұл күн ел тарихында жаңа мемлекеттік рәміздер күні ретінде мәңгі есте сақталады. Мемлекеттік рәміздер — мемлекеттің мызғымас негіздерінің бірі. Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба, Мемлекеттік Әнұран — еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар.
Қазақстанның Мемлекеттік Елтаңбасы, Туы мен Әнұраны елдің саяси тәуелсіздігінің және егемендігінің рәміздері. ҚР Конституциясының 34-бабында «әрбір азамат Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін білуге және оны құрметтеуге міндетті» деп жазылған. Сондықтан бүгінгі ұйымдастырылған кітап көрмесі – құқықтық респект және ҚР мемлекеттік рәміздеріне деген құрмет.
Елтаңбаны, Туды және Әнұранды біліп қана қоймай, оның мәнін түсіну мақсатында, жоғарыда аталған кітап көрмесіне: «Қазақстан Республикасының Конституциясы», «Елтаным», Ы.Сағынтаевтың «Қазақстан Республикасының рәміздері», Н. Назарбаевтың «Тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы», Е. Шаймерденовтың «Қазақ елінің рәміздері», «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің қалыптасу тарихы», Брайль қарпінде шығарылған қазақ, орыс тілдерінде «Қазақстан Республикасының рәміздері» тактильді кітабы т. б. Мемлекттік рәміздердің тарихы мен маңызы жайлы, авторлардың өмірбаяны, егемендікті еншілегенге дейінгі еліміздегі тарихи рәміздері туралы материалдар, мерзімді басылымдардағы мақалалар қойылды.
Алия Рахимжанова,
жеке қызмет көрсету бөлімі