News & Events
Көру қабілеті бұзылған азаматтарға арналған бағдарламалық және компьютерлік инновациялар
- 20.05.2019
- Posted by: RBNSG
- Category: Жаңалықтар
2019 жылы 17 мамырда кітапханада «Сатр орталығы» ЖШС-мен бірлесіп «Көру қабілеті бұзылған азаматтарға арналған бағдарламалық және компьютерлік инновациялар» тақырыбында семинар өтті. Семинарға «ЭлитаГрупп» ЖШС өкілдері шақырылды, ол тифлокомпьютерлердің әзірлеушісі және өндірушісі, зағип және нашар көретін азаматтарды арнайы бағдарламалармен қамтамасыз етудің авторы, «Fredom Scientific» (АҚШ), «Index Braile» (Швеция) және Ресей Федерациясы, Қазақстан, ТМД және басқа да елдердің аумағында тифлоқұралдарды өндіруші жетекші әлемдік компаниялардың ресми дистрибьюторы болып табылады.
Семинардың мақсаты – көру қабілеті бұзылған азаматтарды арнайы аппараттық-бағдарламалық қамтамасыз ету және орнын толтырушы техникалық құралдар саласындағы инновациялық әзірлемелермен және ең жаңа жетістіктермен таныстыру, оларды табысты әлеуметтік интеграция процесінде, интеграциялық-коммуникациялық технологиялар саласында, күнделікті (тұрмыстық) өмірде, жұмыста, оқуда, шығармашылықта іс жүзінде қолдану.
Семинар модераторы «Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған Республикалық кітапхананың» РММ директоры Асхат Құсайынұлы Байұзақов болды.
Алғашқы сөзді «САТР орталығы» ЖШС Бас директоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор – Сүлейменова Роза Айтжанқызы алды.
«ЭлитаГрупп» ЖШС тифлоқұралдар және бағдарламалық қамтамасыз ету жөніндегі маманы Васильева Светлана «ElBrail және Fusion заманауи тифлоөнім және олардың артықшылығы» тақырыбында баяндама жасады: ақпараттық технологияларды енгізудің мақсаты – оның сапасы мен тиімділігін арттыру. Сондай-ақ, олардың тұсаукесерін өткізді және көптеген сұрақтарға жауап берді..
«САТР орталығы» ЖШС тифлоқұралдар және бағдарламалық қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаушы – Мигай Анатолий заманауи автономды оқу құралдары туралы айтып, тәжірибе жүзінде көрсетті.
Высочинский Владимир – Қарағанды облыстық көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасының тифлоақпараттық орталығының тифлопедагогы қазіргі заманғы тифлотехникалық құралдармен жұмыс тәжірибесімен бөлісті, сондай-ақ, «Көру қабілеті бұзылған азаматтарды оқытуды ұйымдастырудағы тәжірибе мен мәселелер» атты тақырыпқа кеңінен тоқталды.
Қарағанды облыстық көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған мамандандырылған кітапхананың кітапханашысы Абишева Екатерина Брайль қаріпінің рөлі мен қолданылуын – ақпараттық кеңістік пен білімге қол жеткізудің басымдығы жөнінде егжей-тегжейлі түсіндірді. Кітап әлемі зағип және нашар көретін азаматтарға өз бетінше пайдалану мүмкіндігін беретіндігі туралы, сонымен қатар, кітап, зағип және нашар көретіндерге жарық пен іскерлікке жол нұсқайтын ұлы игілік көзі екенін тілге тиек етті. Екатерина өз баяндамасында видеороликтерді көрсетті.
Әр түрлі жағдайларға байланысты жазу және оқу қабілетінен айрылған жандардың қабілетін қалпына келтіруде, мамандарға жүгінуге шақырды.
Семинар бағдарламасы өте қызықты өтті.
Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған
республикалық кітапханасының баспасөз қызметі.