1997 жылы ҚР Президентінің Жарлығы бойынша, 31 мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні болып жарияланды, ал ҚР үкіметіне жыл сайын 31 мамырда саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған іс-шаралар әзірлеп өткізу тапсырылған. Ұлты мен діні, тілі мен діліне қарамастан, мыңдаған адамдар, тоталитарлық жүйенің диірменіне түсіп, өзгеше ойлағаны үшін күнәсіз сотталып, туған жерлерінен аяусыз айдалып, түрмелерде жазықсыз көз жұмды. ХХ ғасырда Қазақстанның аумағында ең ірі лагер болган. Респрессия жылдарына 100 мың адам сотталған, оның ішіндегі 25 мыңы ату жазасына ұшыраған. Олардың арасында ғалымдар, мәдени және саясаткерлер болған.