News & Events
II республикалық «Рухани қазына-2019» фестивалі өтті
- 23.05.2019
- Posted by: RBNSG
- Category: Жаңалықтар
19-23 мамыр аралығында Мәдениет және спорт министрлігі мәдениет пен өнер саласы қызметкерлері күніне орай, Нұр-Сұлтан қаласында Мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлерінің «Рухани қазына-2019» фестивалін өткізді.
Екінші рет ұйымдастырылып отырған Фестиваль Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының «Туған жер» арнайы жобасы аясында өтті.
Фестивальдің мақсаты – мәдениет саласы қызметкерлерінің қызметінде тәжірибе алмасуға мүмкіндік беру, соның ішінде кітапхана, музей, мәдени ойын-сауық саласындағы қызметкерлердің кәсіби шеберлігін арттыру, қазақстандық патриотизм мен ұлттық-мәдени бірлікті дамыту аясында ұлттық мәдениетті насихаттау, аймақтық мәдениет ұйымдарының имиджін көтеру, үздік әлеуметтік-мәдени және білім беру тәжірибелерін ортаға салу. Аталған фестивальге, Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхананың директоры А. Байузаков Кітапхана саласы бойынша республикалық байқауға қазылар алқасының мүшесі ретінде және фестивальге ақпараттық қолдау көрсету үшін Кітапхана директорының кеңесшісі Баспасөз хатшысының міндетін атқарушы З. Маханова атсалысты.
Мәдениет саласының 300-ге жуық қызметкерлерінің басын қосқан аталмыш шара барысында еліміздің 14 әңірінен 250-ге жуық өтіінім қаралған. Бұған дейін әр ауылдағы кәітапхалар мен музейлерде басталған байқау бірнеше кезеңде өтіп, қорытынды межеге жетті. Фестиваль нәтижесі – үздік қызметкерлер мен орталықтарды саралау қана қоймай, өзара тәжірибе алмасып, жаңа салаға көтерілу үшін бірлесе жұмыс атқаруға мүмкіндік туғызды. Мемлекеттік музейлер, мемлекеттік мәдени ойын-сауық ұйымдары арасында 9 номинация бойынша анықталған үздіктерге арнайы марапаттар табысталды. Республикалық байқаудың жеңімпаздарына арнайы сертификаттар, ақшалай сыйлықтар және фестиваль титулдары табысталды. Жүлдегерлер құрметіне Қазақ эстрадасының танымал жұлдыздары өнер көрсетті.
Фестивальдің Кітапхана саласы бойынша нәтижесімен таныс болыңыздар. Ұлттық музейде өткен марапттау шарасында үздік атанған ұжымдар мен қызметкерлердің құрметіне белгілі өнер жұлдыздары өнер көрсетті.
Фестиваль Кітапхана саласында мына аталымдар (номинациялар) бойынша өткізілді: Үздік облыстық маңызы бар кітапхана, Үздік аудандық маңызы бар кітапхана, Үздік ауылдық маңызы бар кітапхана, Үздік облыстық маңызы бар зағип және нашар көретін азаматтарға арналған кітапхана.
Ашық түрде дауыс беру арқылы жеңімпаздарды анықтап берген әділқазылар алқасы құрамын құрағандар: Қазылар алқасының төрайымы — Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы РММ-нің директоры Мұңалбаева Үмітхан Дәуренбекқызы; «Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана» РММ-нің директоры Байұзақов Асхат Құсайынұлы; Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ғылыми кітапханасының директоры Оразалиев Бахытжан Әсетілдәұлы; «Айқын» республикалық қоғамдық—саяси газетінің бас редакторы Жүсіп Нұртөре Байтілесұлы; ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мәдениет және өнер істері департаментінің директоры Жоламанов Әбіл Тауфиқұлы
«Үздік облыстық маңызы бар кітапхана» аталымы бойынша —
С. Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы қаржылай сыйлық – 1 000 000 тг сертификат, арнайы диплом және фестиваль статуэткасымен;
«Үздік аудандық маңызы бар кітапхана» аталымы бойынша — Жамбыл облысы, Талас аудандық орталық кітапхана жүйесі қаржылай сыйлық – 1 000 000 тг сертификат, арнайы диплом және фестиваль статуэткасымен;
«Үздік ауылдық маңызы бар кітапхана» аталымы бойынша — Атырау облыстық Ақкиізтоғай ауылдық кітапханасы қаржылай сыйлық – 1 000 000 тг сертификат, арнайы диплом және фестиваль статуэткасымен;
«Үздік облыстық кітапхана» аталымы бойынша — Батыс Қазақстан облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасы қаржылай сыйлық – 1 000 000 тг сертификат, арнайы диплом және фестиваль статуэткасымен марапатталды.
«Үздік облыстық маңызы бар кітапхана қызметкері» аталымы бойынша — Ә. Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының бөлім жетекшісі Досмағамбетова Қалдыкүл Жалауқызы қаржылай сыйлық – 500 000 тг сертификат, арнайы диплом және фестиваль статуэткасымен;
«Үздік аудандық маңызы бар кітапхана қызметкері» аталымы бойынша — Ақмола облысы, Зеренді орталық аудандық кітапхана кітапханашысы Ғабдулманова Гәкку Жанғалқызы қаржылай сыйлық – 500 000 тг сертификат, арнайы Диплом және фестиваль статуэткасымен;
«Үздік ауылдық маңызы бар кітапхана қызметкері» номинациясы бойынша Талдықорған қаласының Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі Өтенай ауылдық кітапханасының кітапханашысы Гүлнархан Сейлханова қаржылай сыйлық – 500 000 тг сертификат, арнайы Диплом және фестиваль статуэткасымен;
«Үздік облыстық маңызы бар зағип және нашар көретін азаматтарға арналған кітапхана қызметкері» аталымы бойынша «Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған облыстық арнайы кітапханасы» басшысының орынбасары Қуантаева Лаззат Серікқызы қаржылай сыйлық – 500 000 тг сертификат, арнайы Диплом және фестиваль статуэткасымен марапатталды.
Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған
республикалық кітапханасының баспасөз қызметі