«Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық» РММ кітапхана ісін дамыту, библиография және тифлология бөлімінің қызметкерлері мен Қазақ Соқырлар Қоғамының мүшелері Дүйсембиев Ержан мен Тайжанова Айнұрдың қатысуымен 2019 жылдың мамыр айының 17 жұлдызында Есік қаласындағы зағип және нашар көретін балаларға арналған мектеп-интернатының бітіруші түлектеріне «Дарим надежду и оптимизм» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды.
Шараның мақсаты: көру қабілеті төмен жоғары сынып оқушыларына әр түрлі мамандықты таңдауға кеңсе беру.
Шара барысында Қазақ Соқырлар Қоғамының, «Армандастар» вокалды тобының мүшелері Дүйсембиев Ержан және женіл атлетикадан спорт шебері Тайжанова Айнур өз жетістіктерімен және қызықты оқиғаларымен бөлісіп, оқушылардың қойылған сұрақтарына жауап берді. Бөлім қызметкері Мырзабеков Алмас кеңістікте бағдарлау жөнінде кеңес берді.
Шара соңында Ержан оқушыларға әсем әнін тарту етті.
Шараға 62 адам қатысты.