News & Events
«Инклюзивті немесе бірлескен оқыту»
- 26.04.2019
- Posted by: RBNSG
- Category: Жаңалықтар
Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университеті Әлеуметтік және гендерлік ғылыми-зерттеулер институтының жетекші қызметкері, әлеуметтік ғылымдар магистрі Дабылтаева Мақпал Мамедалиқызы кітапхана қызметкерлеріне тақырыбында кәсіби біліктілікті жетілдіру дәрісін өткізді. Дәріс барысында Мақпал Мамедалиқызы жалпы гендер ұғымына түсініктеме беріп «гендер (ағылшын gender) – қоғамдағы адамның жүріс-тұрысын анықтайтын әлеуметтік жыныс. Қазақста Республикасындағы гендерлік саясаттың негізгі принциптері ерлер мен әйелдер үшін Қазақстан Республикасы Конституциясымен кепілдендірілген тең құқықты және бостандықты орнатады дей келіп, қазіргі таңда Елбасымыздың гендерлік саясатқа көңіл бөлуі жақсы көрсеткіштерге алып келетінінде тілге тиек етті. Сонымен қатар, бүгінде институт өз жұмысын гендерлік педагогика, Этногендерология және Отбасылық саясат басымдықтарын негізге ала отырып жүргізетінін атап өтті. Осы орайда дәріскер бүгінгі күнгі өзекті тақырып инклюзивті немесе бірлескен оқыту тақырыбына тоқтала келіп, балалардың қандай да бір дискриминациясын жойып, барлық адамдарға бірдей көзқарасты қамтамасыз ететін және білім алудаға қажеттіліктерді айырықша балаларға ерекше жағдай жасайтын жалпы білім беру мектептерінде қажеттіліктері айырықша балалардың білім алу үрдісін сипаттайтын термин екенін атап өтіп, инклюзия – денсаулық мүмкіндігі шектеулі оқушылардың өз күшіне деген сенімін арттыру арқылы оларды басқа балалармен бірге мектепке баруға уәждеу талпынысы деп түсіндіріп кетті. Сондай-ақ Мақпал Мамедалиқызы Ресей, Швеция, Франция, Италия, Литва Хорватия республикасындағы инклюзивті білім берудің әлемдік тәжірибесіне тоқталды. Инклюзивті оқыту жайлы ережелер 2006 жылдың 13 желтоқсанында Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясымен мақұлдаған «Мүгедектердің құқықтары туралы» Біріккен Ұлттар Ұйымының Конвенциясына енгізілгені жайлы айтты. АҚШ пен Еуропаның қазіргі білім беру саясатында бірнеше амал-тәсілдерді кеңінен қолданылатынын, инклюзия барлық білім алушыларды әлеуметтендіруде тең мүмкіндіктер ұсыну мен қажеттіліктерді қанағаттандырумен байланысты екенін атап өтті. Сонымен қатар, бүгінгі таңда «Қазақстан Республикасының Білім беруді дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» инклюзивті білім беруді жетілдіру мәселері қарастырылып, шешу көзделгені жайлы мәлімдеді. Өткізіліп жатқан дәріс барысында қызметкерлермен пікір алмасып, сұрақтар қойылып, бүгінгі тақырып шеңберінде ойларымен бөлісті. Дәріс барысында жеке қызмет көрсету бөлімінің қызметкері Бахытгүл Поволоцкая «Кітап кітапхана» , «Современная библиотека» №1 (91) /2019, «Библиотека»№ 12/ 2018 г., №1/ 2019 г. кәсіби журналдарында ғы кітапханашыларға қызықты, керек деген мақалаларға айрықша тоқталып, шолу жасады.
Жеке қызмет көрсету бөлімі