News & Events
Сәуір айының 23-ші жұлдызында Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапханада 1-мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі қарсаңында «Ұлт бірлігі – ұлы байлық» атты әдеби-сазды кеш ұйымдастырылды. Шараны ұйымдастырудағы мақсатымыз көп ұлтты Қазақстан Республикасының халықта достығы – еліміздің бірлігінің кепілдігі екендігін таныту. Әр халықтың өнері, оның рухани байлығының негізін өз ұлтының тілін, дінін біле отырып, өзге ұлттың рухани байлығын сыйлауды, құрметтеуді насихаттау болды. Мерекелі кештің ашылуын жарияланған соң, ҚР Мемлекеттік әнұраны орындалды. Кешті кітапхана директорының орынбасары М. Джумабеков оқырмандар мен қонақтарды, кітапхана қызметкерлерін құттықтау сөзімен бастады.
1 — мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі Қазақстанда жыл сайын тойланатын мереке. 1995 жылдың 18 қазанында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жарлығы бойынша 1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні деп жарияланды. Қазақстанның саяси қайраткерлерінің пікірі бойынша, ұлтаралық және дінаралық келісімнің сақталуы, олар жүргізіп жатқан саясатының басты қағидаларының бірі болып табылады. Қазақ қашаннан да бауырмал халық қой. Әр кезеңдерде елімізден пана іздеп келген “жат жұрттардың” бәрін бауырына басып, төрінен орын берген, Қазақстан көп ұлтты мемлекет. Онда қазақтар, орыстар, ұйғырлар, өзбектер, украиндар, дүнгендер және тағы басқа ұлт өкілдері тұрады. Олар өздерінің осындай кең байтақ Қазақ жерінде өмір сүріп жатқандарына қанша жыл өтсе де, Қазақ халқының осынша кең пейіл, қонақжай екендігіне көз жеткізді. Олар өз елдерінде болмасада, қазақтардың елін елім деп, жерін жерім деп құрметтеп, үлкен үлгілі отбасының кейпін көрсетуде. Әлем халықтарының мұндай көп ұлттан құрылған мемлекетте осыншалық тату – тәтті, бейбітшілікте өмір сүріп отырғандығы біздің елдің арқасы және олар мұны жақсы біледі, рахметтері шексіз екендіктерін білдіретіндікерін кеш жүргізушілеріміз баяндап өтті. Кеш барысы концерттік бағдарламамен жалғасын тапты. Кітапханамыздың түрлі ұлт өкілдерінен тұратын белсенді оқырмандары өнерлерін көрсетті. Қазақ зағиптар қоғамы Мәдениет үйінің «Армандастар» вокалды аспапты тобының әншісі Ержан Дүйсенбиев алда келе жатқан 1мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен келген қауымды, бауырлас қырғыз халқының тілінде құттықтап, қырғызша «Сапырылған сары жапырақ» әнін, түрік халқының «Ду-ду» әндерін орындауы кешімізді әрлендіре түсті. Аталған мәдениет үйінің өнерпаздары «Соловьи Алатау» орыс хоры қазақ тілінде «Отан», орыстың халық әні «Во поле берёзонька стояла», украин ұлтынының «Ой угаю, при Дунаю» халық әндерін аталған хордың көркемді жетекшісі Прасковья Ефимовна Савинкинаның баянмен сүйемелдеуінде нақышына келтір шырқады. Сондай-ақ кітапхананың белсенді оқырмандары, «Незабудка» поэтикалық клубыны жетекшісі Владимир Ивановскийдің мереке қарсаңында жазған «День единства» өлеңінің тұсауы кесілсе, аталған клубтың мүшесі Марфа Глущенко Ивановтың «Родина» атты өлеңін шабыттана оқыды. Кітапхананың белсенді оқырманы Индира Мезикова «Морской капитан» әнін ағылшын тілінде орындаса, Виктор Веибер «Одинокий пастух», композитор Бородиннің «Улетай на крылях ветра» шығармасын флейтада ойнап, Эльфрад Галибабаевтің «Господа офицеры» әнімен кешіміз мәресіне жетті. «Татулық пен тұрақтылық ел иесі ретінде ең алдымен қазаққа керек», — деп Елбасымыз атап өткендей, Бірінші мамыр мейрамы ортақ тарих, дәстүрмен біріккен біздің көп ұлтты Республикамыз үшін ерекше қымбат. Біздің жерімізде әрқашан бейбітшілік пен ырыс — береке болсын. Бір шаңырақтын астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі одан әрі жалғасып, еліміздегі ұлтаралық татулық әрдайым берік болып, қашанда ынтымақ, бірлік мәңгі жасай берсін демекпіз!
Алия Рахимжанова,
жеке қызмет көрсету бөлімі