News & Events
Үстіміздегі жылдың сәуір айының 16-шы жұлдызында Кітапханада Қазақстан халқы Ассамблеясы шеңберінде «Шығыс мәдениеті күні» аясында белсенді оқырманымыз, зағип ақын Мариям Иминованың «Любви весеннее цветенье» атты шығармашылық кеші өтті.
Кешті ұйымдастырудағы мақсатымыз зағип ақынның өмірі мен шығармашылығын насихаттап, «Три талисмана», «Зеркальная мельница», «Пятое время года», «На грани» т.б. өлеңдер жинағы, «Саусақ ұшындағы әлем», «Ақ таяқ» әдістемелік талдауларымен көпшілік қауымды таныстырып, мүмкіндігі шектеулі азаматтарды оңалту және қоғамдық өмірге белсене араласуына бейімдеу, түрлі ұлт өкілдері достастығын нығайту болған.
Кеш қонақтары: татар, ұйғыр ұлттық-мәдени орталықтарының өкілдері, Татарстанның Еңбек сіңірген әртісі, Қазан қаласындағы «Жеті Юлдуз» фестивалінің лауреаты, Қазақконцертінің әншісі Галиба Габдиевна Сайбулатова, «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Қазақстан Республикасындағы Алматы қаласы филиалы төрайымы Кабира Сағидоллаевна Қоңырбаева келді.
Кеш барысында кітапхананың жеке қызмет көрсету бөлімінде «Мен өмірді сүйемін» атты, ақынның өмір жолы мен шығармашылығына арналған көлемді кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Өткізілген кеш шеңберінде, кітапхана фойесінде татар, ұйғыр халқының қолөнер бұйымдары көрмесі мен «Шығыс асханасы» мәзірі жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
Кешіміз «Мен өмірді сүйемін» атты ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған деректі фильмді көрсетуден басталды.
Мариям мүмкіндігі шектеулі болғанымен өмірде де, өнерде де, кітапханамыздың қоғамдық өміріне белсене араласады. Үш баланың анасы, немере сүйіп отырған аяулы әже. Мариям Иминованың шығармашылығы сан қырлы. Өлеңдері ата-анаға, туған жерге, табиғатқа, Отанға деген махаббатты, түрлі тақырыптарды қамтиды. Қырық жылдық еңбек өтілінің жиырма бес жылын өзінің тәлім берген сүйікті Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапханасына арнады. Саналы ғұмырында 90-шы жылдан бері «Көмектес» Қоғамдық қайырымдылық қорында да белсенділік танытып келеді. Аталған еңбегі ақталып Мариям Розахуновна «Отличник социального обеспечения Казахской ССР» белгісімен, «Мәдениет қайраткері» төс белісімен, ҚР Мәдениет министрлігінің, Алматы қаласы әкімдігінің Мақтау қағаздарымен марапатталды.
Кезек кеш иесі Мариям Иминоваға берілді. Ақын өзінің «Первый учитель», «Мама», «Любви весеннее цветенье» өлеңдерін оқып, «Поговари со мною, мама», «А где мне взять такую песню», «Старый вальсок» әндерін орындап, келген көпшіліктің көңілінен шықты.
Кеште ақынды шығармашылығымен құттықтап келген, Қазақ зағиптар қоғамы Мәдениет үйінің өнерпаздар «Армандастар» вокалды тобы өнерпаздарының орындауында «Сағындым Алматымды», «Соловьи Алатау» орыс хорының орындауында «Вареники», «Ой, у зеленом уса дочку», Татарстанның Еңбек сіңірген әртісі Галиба Габдиевна Сайбулатова татар халық әндерін орындаса, кітапхананың белсенді оқырманы, «Незабудка» әдеби-сазды бірлестігінің жетекшісі Владимир Ивановский Мария Розахуновнаға арнап жазған авторлық туындысы «Живой портрет» атты өлеңін оқып, жырдан шашу шашты.
Кеш соңында кітапхана директоры Асхат Құсайынұлы Байузаков, Мариям Иминоваға мықты денсаулық, шығармашылық табыс тілей отырып, Алғыс хатпен марапаттап, гүл шоқтарын ұсынды.
Алия Рахимжанова,
жеке қызмет көрсету бөлімі қызметкері