News & Events
«Наурыз челлендж» — қайырымдылық акциясы
- 08.04.2019
- Posted by: RBNSG
- Category: Жаңалықтар
Қайырымдылық – ізгіліктің белгісі. Қайырымдылық – адамның асыл қасиеттерінің бірі.
“Наурыз челлендж» акциясы аясында, кітапхана директоры А. Байұзақов өз ұжымымен көп балалы аз қамтылған, тұрмысы төмен, 6 баланың анасы, «Күміс алқа» иегері — Зангибаева Бибінұр Оспанқызының отбасын көктемнің шуақты мерекесімен құттықтап, оларға қайырымдылық көмек ретінде азық-түлік табыстады. Көп балалы ана қайырымды жандарға алғысы мен ризашылығын білдірді. «Қоғамдық құндылықтар өзгеріп, заман алмасты. Жастар арасында мейірбандық, адамгершілік,жомарттық сынды қасиеттерді көпке үлгі ету үшін қайырымдылық шараларын көптеп өткізуіміз қажет. Қоғамның әлжуаз топтарына көмек қолын созу – әрбір отандасымыздың парызы, әрі жауапкершілігі. Наурыз мерекесі қарсаңында қолға алынған қайырымдылық акциясы осы ниетпен ұйымдастырылды». Ізгі шараның негізгі мақсаты қоғамда, өскелең ұрпақ арасында мейірімділік, қамқорлық сезімін қалыптастыру, әлеуметтік жағдайы төмен, аз қамтылған отбасынан шыққан балаларға көмек көрсету, достық, бірлікті нығайту болып табылады. Жақсылықтың қайтарымы көп болады. Қайырымдылық шарасының видеоролигін көру үшін, мына сілтемеге басыңыз: https://vk.com/video-132506354_456239037
З. Маханова