News & Events
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына үндеуінің есебі
- 12.04.2019
- Posted by: RBNSG
- Category: Жаңалықтар
2019 жылдың сәуір айының 12 жұлдызында «Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана» РММ-де Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 9 сәуір күні Үндеуіне байланысты кітапхана қызметкерлері мен оқырмандары арасында ортаға салынып, талқыланды. Кітапхана ісін дамыту, библиография және тифлология бөлімінің қызметкерлері Макшпаева М.С., орыс тілінде, Мұстаханова Г.А. қазақ тілінде үндеуді таныстырды. Мемлекет басшысы Еліміздің Конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын 2019 жылдың 9 маусымында өткізу туралы шешім қабылдағанын және бұл шешіммен Н.Ә. Назарбаевпен, Парламенттің қос палата спикерімен, Премьер-Министрмен, Конституциялық кеңеспен, Парламенттегі партия жетекшілерімен кездесіп ақылдасқанын үндеуде жеткізген. Елбасымыз қорытындылай келе алдағы сайлауға баршамызды барынша жауапкершілікпен қарауға шақырды және еліміздің келешегі, әр отбасы мен әр азаматтың тағдыры халықтың шешіміне тікелей байланысты екенін жеткізген. Шара барысында кітапхана директорының орынбасары Джумабеков М. Т. оқырмандар тарапынан болған сұрақтарға жауап берді.
Шараға 21 адам қатысты.