News & Events
Жоба «Этно стильді жүрекпен сезін»
- 12.04.2019
- Posted by: RBNSG
- Category: Жаңалықтар
Сәуір айының 11-жұлдызында Кітапханада Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті «SAN ALEMI» орталығы жетекшісі Алашабаева Ұлжан Нұғманқызының ұйымдастыруымен, «2019 — Жастар жылы» бағдарламасы аясында аталмыш оқу орнының Әлеуметтік–гуманитарлық факультеті, «Кәсіптік оқыту мамандығы» бойынша 1-ші курс студенттерімен «Жүрекпен сезін этно стильді» тақырыбында шара өтті. Бұл шараның мақсаты: Ұлттық киімдерді насихаттау, қазақ халқының ұлттық ерекшелігін және оны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу үшін болашақ ұрпақ тәрбиесінде паш ету. Қазіргі жастарды зағип және нашар көретін азаматтарға қамқорлық жасап, өмір тіршілігіне көмектесуге, адамгершілікке тәрбиелеу. Жобаның міндеті: Жаңғыртуды одан әрі дамытатын жастар болғандықтан олар ең алдымен білімді, ұлттық құндылықтар мен заманауи игіліктерді өз бойына біріктіріп, ұштастыра білген, өз елінің нағыз жанашыр азаматтары ретінде қалыптасуға талпындыру. Адам жаны әрқашан сұлулықты қажет етеді, сұлулық бізді қуантып, әдемі әсерге бөлейді. Жаның сұлу болу үшін әдемі нәрселерге талпынып, айналаңды әдемі заттармен толтыру керек. Өнер туындыларының тылсым сырына үңіліп, этно стильді түсіну керек. «Жүрекпен сезін этно стильді» атты жоба бағдарлама барысында студенттердің өз қолдарымен жасаған бұйымдары, өздері тіккен ұлттық киімдерден шығармашылық көрме ұйымдастырылды. Аталған Жоба Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті студенттерінің концерттік бағдарламасыман жалғастырылды. Бағдарлама барысында әсем әндер орындалып, Әблез Мадина күйлерден «Попури», Медетбек Балнұр «Жастар жылы» монологын, жайдарлы әзілдерімен бір үйдің қыздары КВН командасы өнер көрсетті. «Дәмін көр де, түсіндір», «Кім жылдам?» ойындарын ойнату арқылы бір сәт зағип жанның орнына өзін қойып, зағиптың күйін кешу арқылы адамдарды мейрімділікке, имандылыққа шақыру насихатталды. Айтулы жоба шерменде болған жүрекке, жылулық сәулесін шашқан жоба ұйымдастырушысы «SAN ALEMI» орталығы жетекшісі Алашабаева Ұлжан Нұғманқызының қорытынды сөзімен аяқталып, келген қауымды ортаға «Флешмоб» биге шақырумен мәресіне жетті.
Алия Рахимжанова