News & Events
Человеку юмор – что вода для рыбки
- 01.04.2019
- Posted by: RBNSG
- Category: Жаңалықтар
1 сәуір — Күлкі күні бүкілхалықтық бейресми мереке. Басқа мерекелерден айырмашылығы сол, шығу тарихы белгісіз. Бұл күнді әр елде әртүрлі атайды екен. 1 сәуір – күлкі, әзіл — қалжыңға толы сонымен қоса өзгелерді алдау күні деп есептеледі. Бұл күні алданғаны үшін ешкім қабақ шытпайды. Италияда бұл күнді «Ақымақтар» күні, Англияда «Көңілді алдаушылар күні», Шотландияда «Көкек күні», Жапонияда «Қуыршақтар күні», АҚШ — та «Ақымақтар күні» деп аталады екен. Бұл мереке әлемдегі бірде — бір елдің діни немесе тарихи дәстүрімен байланысы жоқ. Баяғыда күнтізбе бойынша 1 сәуір күні ерекше күн болды ма, болмады ма бізге беймәлім? Болжам бойынша бұл мерекенің тарихы көне заманнан бастау алады, ертеде тойланатын көктем мерекесімен байланысты болуы мүмкін делінеді. Айтулы күні Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапханада, жеке қызмет көрсету бөлімі жанынан құрылған «Незабудка» әдеби-сазды бірлестігінің аясында «Человеку юмор – что вода для рыбки» атты әзіл мен күлкі кеші ұйымдастырылды. Кітапханада ұйымдастырылған әзіл мен күлкі кешін «Незабудка» әдеби-сазды бірлестігінің жетекшісі Владимир Ивановский жүргізді. Кеш «Соловьи Алатау» орыс хорының орындауындағы «Он алты қыз», «Моя чепуражка» әзіл әндердің орындалуымен басталды. Ежелгі Грек жазбаларында адам міндетті түрде көңіл көтеріп, күлуі қажет деп есептейді. Күлкі адамды емдейді және жағымсыз қасиеттерден тазартады деп түсінген. Бұны «рухани тазару» (катарсис) яғни күлкі арқылы тазару деген мағынаны білдіреді дегендей, әзіл мен күлкі кешінде аталған әдеби-сазды бірлестік мүшелері күлкі күніне арналған өлеңдері мен итермедияларды, анекдоттарды, сахналық көріністерді көпшілік назарына ұсынды. Атап айтсақ, белсенді оқырманымыз Лидия Попова күлкі күніне арналған анекдоттарды айтса, Индира Мезикова «Песню шутку» және «орыс халқының частушкаларын», Илья Паздеров «Славному поэту», Валентина Любина «Будильник» атты әзіл-оспақ өлеңдерін оқыды. Кеш барысында украин халқының күлкі күніне арналған әзіл әндері де орындалды. Галина Хмырова мен Вера Сотниченконың «Химчискада», «Ауруханада» атты күлкі күніне арналған сахналық қойылымдары көпшіліктің көңілін көтерді. Әзіл мен күлкі кеші Нурбек Гизатов пен Виталий Гусевтің «Подкаблучник» әзіл әнінің орындалуында мәресіне жетті. Күлкі күні орындалған қысқа әзілдер мен сықақ өлең, өткір тілмен жазылған қысқа сөйлемдер келген қауымның көңіл-күйін көтеріп, марқайтып тастады.
Жеке қызмет көрсету бөлімі