News & Events
Кітапханадағы жұмыстың жаңашыл әдістері
- 15.03.2019
- Posted by: RBNSG
- Category: Жаңалықтар
Елбасы Н.Ә. Назарбаев 2018 жылы 5 қазанда Қазақстан халқына арнаған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында: «Жастар мен отбасы институтын кешенді қолдау – мемлекеттік саясаттың басымдылығына айналуы тиіс. Жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыру керек. Келесі жылды Жастар жылы деп жариялауды ұсынамын», – деген еді. Осылайша биылғы жылғы жолдауында еліміздің тірегі – жастар мәселесіне жете мән беріп, жастарға кең жол ашқан болатын. Осыған орай, 2019 жылдың 15 наурызында «Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана» РММ-де әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің тарих, археология және этнология факультеті, кітапхана ісі мамандығының 3,4-курс студенттері және кітапхана қызметкерлері Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Наурыз мейрамын жаңа үлгіде атап өту ұсынысы бойынша, «Армысың, әз-Наурыз» атты кітап көрмесін тамашалады. Одан әрмен Жастар жылына арналған «Кітапханадағы жұмыстың жаңашыл әдістері» атты пікір алмасу шарасы өтті. Шараны кітапхана директоры Асхат Байұзақов ашып беріп, өз сөзінде кітапхананың бүгіні мен болашағына қатысты бірнеше мәселелерге кеңінен тоқталып, кітапхана саласын меңгеріп келе жатқан жас мамандарға жаңашыл тың идеялардың керектігі жөнінде айтып өтті. Шара барысында студенттер өз ойларын ортаға салып, ел болашағы ретінде кітапхана саласына қосар үлестері жайында өзара пікір алмасты. Сондай-ақ, кітапханада жұмыс жасап келе жатқан білікті мамандар жас буынға кеңестерін айтып, тәжірибесімен бөлісті.
Жансая Қосмырза,
Кітапхана ісін дамыту, библиография
және тифлология бөлімі қызметкері