Кітапханада «Діни экстримизм мен терроризмнің алдын алу тақырыбында шара өтті. Шара барысында Алматы қаласы, Ішкі саясат басқармасы Мониторинг және талдау орталығынан арнайы шақырылған исламтану магистрі Құдайқұлов Тұрсын Таңатарұлы «Жат ағымдар ақиқаты» атты тақырыпта ақпарат беріп, слайд көрсетті.
Шарада діни экстримизм мен терроризмнің алдын алу; жат ағымдар; жат ағымдардың зияны, оларды қалай ажыратуға болады; жат ағымдарға кіріп кетпеудің жолдары; экстремизм және терроризм бойынша заңнамалық түсініктер берілді. Мемлекетіміздің сол ағымдармен күресудегі жасап жатқан саясаты жайында әңгіме қозғалды.