News & Events
Үстіміздегі жылы ақпан айының 22-ші жұлдызында Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапханада, «Незабудка» әдеби-музыкалық бірлестігінің кезекті отырысында, зағип ақын Валентина Любинаның шығармашылық кеші өтті.
Валентина Любина 14 ақпанда 1954 жылы Челябі облысында дүниеге келген. 1963 жылы Любиндер отбасы сол кездегі Қазақстанның астанасы Алам-Ата қаласына көшіп келген. 1979 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультетін бітіріп, заңгер болып қызмет еткен. Валентина бала кезінен поэзияға жаны жақын болған. Валентина Любина 48 жасынан өлең жаза бастаған. Ақын шығармашылықпен айналысқан он алты жылдың ішінде алты өлеңдер жинағы жарық көрген. Олар: «Родник моей души», «Звёзды вокруг меня», «Будем как дети», «Разговор по душам», «Духовные размышления», «Алиса в мире рельном».
Кеш барысында Валентина Любинаның шығармашылығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Ақын мерейтойлық кеште «Прозрение», «Молитва матери Терезы», «Очищение души», «Песнь красоты», «Интуиция, наш компас» т.б. өлеңдерін келген қауымға тарту етті.
Валентинаны шығармашылық кешімен құттықтауға келген достары ақынның сөзіне жазылған әндерді орындап, жырдан шашу шашты. Атап айтсақ, орыс хоры «Соловьи Алатау», Светлана Токабаева, Батима Полищук сынды өнерпаздардың орындауында «Новый год»,«К тополю», «У Катюши горе много», «Амурские волны» т. б.әндері орындалды.
Кеш соңында кітапхана директоры Байузаков Асхат Кусаинович, ақынды мерейтой аясында өткізіліп отырған шығармашылық кешімен құттықтап, кітапхана ұжымы атынан алғыс хат тапсырды.
Алия Рахимжанова,
жеке қызмет көрсету бөлімі