News & Events
Астана қаласы, «Qazaqstan» орталық концерт залында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің 2018 жылдың қорытындысы бойынша кеңейтілген алқа мәжілісі өтті
- 19.02.2019
- Posted by: RBNSG
- Category: Жаңалықтар
19 ақпан күні Астана қаласы, «Qazaqstan» орталық концерт залында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің 2018 жылдың қорытындысы бойынша кеңейтілген алқа мәжілісі өтті. Мәжіліске кітапхана тарапынан директор А. Байұзақов және директор кеңесшісі З. Маханова қатысты.
Мәжілісті ҚР Мәдениет және спорт министрі А. Мұхамедиұлы ашып, Мәдениет және спорт министрлігі қызметінің негізгі бағыттары «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы мен Президенттің «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласында белгіленгенін атап өтті. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі өз есебінде туризмді дамыту мәселелеріне тоқталды. Мәжілісте ҚР Мәдениет және спорт министрі қазақстандық туризмді дамыту, қазақстандық режиссерлардың әлеуметтік кино түсіруі, Қазақстан Республикасында ұлттық киноны қолдайтын орталық ашылатыны, биыл «Алтын жауынгер» толық метражды анимациялық фильмі жарыққа шығатыны және 1-2 жылда қазақ киносы халықаралық деңгейге көтерілетіні туралы мәселелерге тоқталып өтті. Әлемдегі тарихи-мәдени мұраны кеңінен насихаттау және көпшілікке тарату үшін Қазақстанның киелі объектілері туралы толық метражды тарихи деректі фильмдері циклі эфирге шыққандығы «Күлтегін Жаңа көзқарас», «Қожа Ахмет Ясауи және Айша бибі мавзолейлері», «Көшпенділер жері» және тағы басқа туындылар жайында мәліметтер берді. 2019 жылы «Ботай», «Тенгриан күнтізбесі», «Ұлы Даланың ежелгі металлургиясы» сынды бірқатар сериялары іске қосылатыны жайында сөз қозғады. А. Мұхамедиұлы ведомство тарапынан ұлттық киноның дамуына ерекше көңіл бөлініп жатқанын, 3 қаңтарда Мемлекет басшысының Қазақстан тарихындағы алғашқы «Кинематография туралы» Заңға қол қойғаны барлық киноқауымдастық және қазақстандықтар үшін тарихи оқиға екендігін айта кетті. Алдағы уақытта киноны жаппай прокатта ілгерілетуге жәрдемдесетін және оның шетелдік фильмдер алдында басымдығын қамтамсыз ететін және Ұлттық киноның әлемдік киноға шығуға мүмкіндік жасалынатыны жайында айтылды. Мемлекет ақшасына халықтың рухын көтеретін фильмдер түсіруіміз керектігін атап кетті. Сонымен қатар, Мәдениет министрі өз есебінде туризмді дамыту мәселелеріне тоқталды. Қазақстандық туризмді дамыту, қазақстандық режиссерлардың әлеуметтік кино түсіруі, Қазақстан Республикасында ұлттық киноны қолдайтын орталық ашылатыны, биыл «Алтын жауынгер» толық метражды анимациялық фильмі жарыққа шығатыны және 1-2 жылда қазақ киносы халықаралық деңгейге көтерілетіні туралы мәселелерге тоқталып өтті. Әлемді таң қалдырып, танымал болған Димаш Құдайбергенов пен Данелия Тулешованы назардан шет қалдырмай, ұстаздарына алғыс айтты.
«Латын әліппесінің министрлік ұсынған нұсқасы Елбасының да, халықтың да тарапынан қолдау тауып отырғанын, бұл нұсқаны ғалымдармен ақылдаса отырып жасалғанын бағдарлама бойынша латын әліпбиіне толықтай 2025 жылы көшуіміз керектігі, сонымен қатар, латын графикасына халықтың еш үгіт-насихатсыз өз еркімен көшіп жатқаны көңіл қуантады деп атап кетті.
Қазақстанның туристік әлеуетінің алғаш рет ауқымды тұсаукесері 9 қарашада Петропавл қаласында екі мемлекет басшысы В.В. Путиннің және Н.,Ә. Назарбаевтың қатысуымен Туризм мәселелері бойынша Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастығының бірінші форумы жайында да ақпараттар берілді.
Негізгі баяндамашы Мәдениет министрінен басқа, ҚР жазушылар Одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет өз кезегінде – осы жазда Азия елдері қаламгерлерінің бірінші форумы өтетіні жайында мәлімдеді. Қазақстан кинематографистері одағының төрағасы, режиссер Ермек Тұрсынов отандық киноның келешегі туралы сөз қозғап, «Қазақфильмге» байланысты пікірлерге жауап берді.