8 ақпан күні Кітапханада Қазақстан дойбы федерациясының төрешілер мен жаттықтырушыларының республикалық семинары өтті. Семинарға кітапхана тарапынан Алматы қаласының Қоғамдық бірлестік «Қазақстан дойбы федерациясы» республикалық филиалының төрайымы З. Маханова қатысты. Семинарда «64» және «100» шаршылы дойбы ойындарының 2019 жылға арналған календарлық жоспары талқыланды. Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген дойбы майталмандары өздерінің жетістіктерімен бөлісіп, тәжірибелерін ортаға салды. Ақтау қаласынан келген Меденов Амантай өзі ойлап тапқан «Қаздойбы» — спорттық-зияткерлік ойынының ережесімен дойбышыларды таныстырды. Бұрын соңды болмаған, бір тақтада 4 адам ойнайтын жаңа ойын, көпшіліктің қызығушылығын тудырды.