News & Events
2 ақпанда Кітапханада «Мейірімді ел» мүгедектер қоғамы, Алматы қаласы Паралимпиадалық спорт федерациясы Жаңашыл, аңызға айналған «Прорыв» тренингінің ЛП-19 тобымен бірлесіп, «Жоғары өнер туындыларымен жанасу» тақырыбында семинар өткізді.
Шараға Қазақ Спорт және туризм Академиясының студенттері, №4 Н. Островский атындағы зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы мектеп-интернатының оқушылары және кітапхана оқырмандары мен қала белсенділері қатысты.
Cуретші, коллекционер, арт-тренер Лариса Арюткина өзінің шығармашылығына суретке қызығушылық танытқан кез-келген адамды тартатын мінезімен көпшілікке танымал. Семинар соңында, Лариса, мастер-класс ұйымдастырып, зағип азаматтардың сурет салуына мүмкіндік жасады. Салынған суреттер 6 ақпан күні өткен «Көрудің шегінен де артық сезім» атты зағип суретшілердің 136 туындысы қойылған «ALMATY GALLERY» АРТ-кеңістігінен орын алды.
Лариса Арюткина, сатылған суреттерден түскен қаражаттың зағип және нашар көретін азаматтарға арналған оңалту орталығын салу үшін жұмсалатыны жайында айтты.