News & Events
«Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана» республикалық мемлекеттік мекемесі директоры А. Байұзақовтың ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Баспасөз орталығында Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдаулары аясында 2018 жылы жүзеге асырған іс-шараларының ЕСЕБІ
- 24.01.2019
- Posted by: RBNSG
- Category: Жаңалықтар
Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана (әрі қарай, Кітапхана) 1971 жылдан бастап, зағип жандарға ақпараттық-кітапханалық қызмет көрсетіп келеді. Кітапхананың басты міндеті: оқырмандарға ақпаратты сапалы әрі кең көлемде жеткізу, қолданыста бар технологиялар арқылы қызмет ету, мүмкіндігі шектеулі жандардың мәдени өмірін қалыптастыру, кітапхананы жан-жақты ақпараттық орталыққа айналдыру болып табылады.
Кітапханада Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері», «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» жолдаулары мен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында жыл бойында түрлі жұмыстар жүргізілді. Қазақстан Республикасының 2018 жылы аталып өтілетін және еске алынатын күндер тізбегі бойынша ақын-жазушылардың мерейтойларын атап өтуде түрлі әдістерді пайдалана отырып, кітапханалық қызметтер атқарылды. Зағип ақындардың шығармашылығын насихаттауда «Дороги в поэзию» сериясы бойынша кітапхана оқырмандары: зағип ақын Әбетхан Тоқтағановтың «Заман ұзақ – өмір шақ» атты өлеңдер жинағы мен Владимир Ивановскийдің «Жизнь прожить – не поле перейти» атты өлеңдер жинағы кітапхана баспасынан жарық көрді. Сонымен қатар, ауқымды кітап көрмелері, әдеби-сазды, еске алу кештері, әуенді дәрістер, түрлі тақырыптарда дауыстап оқу сағаттары, кездесулер, семинар, конференциялар ұйымдастырылды.
Бүгінгі таңда Кітапхана Новосібір облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасы және отандық төрт мекемемен ынтымақтастық меморандумға қол қойды.
- «Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы»;
- «Мәдениеттерді жақындастыру орталығы» мемлекеттікмузейі;
- «Қазақстан Республикасы Суретшілер Одағы» қоғамдық бірлестігі;
- «Алматы ақшамы» қоғамдық-саяси газеті. Бүгінде, бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табуда.
Кітапхана өзінің арнайы өзгешелігіне тән зағип азаматтар үшін Брайль қаріпінде және халықаралық сандық стандарт — «DAISY» форматында аудиокітаптар шығару, Брайль жүйесінде жазу және оқу бойынша байқаулар ұйымдастыру және т.б. зағип жандарды қоғамдық ортаға тарту, оларға түрлі ақпараттар беріп өмір сүру деңгейін жақсартуға атсалысуда.
Шетелмен байланысу арқылы Кітапхананың жаңа технология саласы да біршама өзгерді. Яғни, ТМД елдері арасында ең алғашқы болып аудиокітаптар шығаруға арналған халықаралық сандық стандарт — «DAISY» форматы енгізіліп, зағип оқырмандардың сұраныстары бойынша 2017-2018 жылдары жалпы саны 50 кітап дыбыстандырылды. Кітапхана шетелдермен тығыз жұмыстар жүргізу нәтижесінде жаңа студия ашылып, оқырмандардың сұраныстары қанағаттандырылып келеді. Кітапханада арнайы құрылғы қойылып, «DAISY» форматында жазылған кітаптарды тыңдау үшін зағиптарға жағдай жасалған.
«Duxbury» бағдарламасын қолдана отырып, жайпақ баспадағы кітаптарды Брайль жүйесіндегі кітаптарға ауыстыру жұмыстары жалғасын табуда. Осылайша, жыл өткен сайын шетелдік әріптестермен байланыс артуда. Кітапхана Ресей, Қырғызстан мемлекеттерімен бірлесе, біршама жобаларды жүзеге асырды.
2008 жылдан Новосібір облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасымен тұрақты түрде жыл сайын зағип азаматтарға ақпараттық-кітапханалық қызмет көрсету, түрлі форматтағы құжаттар шығаруға байланысты семинарлар, тренингтер өткізіп тұру жолға қойылған. Атап айтатын болсақ, Новосібір облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасымен бірлесіп, ағымдағы жылдың сәуір айының 11 жұлдызында кітапхана өзара ынтымақтастық меморандумы бойынша «Ассистивтік қызметтің халықаралық мектебі «Заманауи кітапхана – азаматтық қалыптасу және бейімделудің мәдени ортасы» тақырыбында семинар өткізді.
Кітапханада әдістемелік, библиографиялық құралдар, сілтеуіштер, әдебиеттер тізімі, поэзиялық жинақтар шығарылады.
- Қазақстан Республикасының 2019 жылы аталып өтілетін және еске алынатын күндер тізбегі.
- Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық, облыстық, қалалық арнаулы кітапханалардың 2017 жылғы жұмысына аналитикалық және статистикалық шолу.
- Инвалиды: проблемы и решения.
- Ваш лоцман в море информации.
- Книга – Чтение – Читатель: «Они рядом с нами».
- «Азбука здоровья» — «В поисках формулы счастья».
Осындай көптеген іс-шаралардың ұйымдастырылу бағыты мен деңгейі жыл өткен сайын күрделеніп келеді. Кітапханада 2018 жылы жоспар бойынша 35 іс-шара, 20 көрме өткізілсе, 18 іс-шара, 1 көрме жоспардан тыс ұйымдастырылды. 5 ретвидео-семинар, конференциялар, 3 дөңгелек үстел өткізілді. Жыл бойында Кітапхана ғимаратында 15 экскурсия жүргізілді. Кітапхана ұжымы, Қазақ соқырлар қоғамы Алматы қалалық филиалы, «Алматы студенттер Альянсы» бірлесіп, дәстүрлі «Ашық есік күндері» шарасын ұйымдастырды. Бұл шараға ҚР Ұлттық кітапханасы, Алматы қаласының Мәдениет және архив басқармасы, Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі, көз аурулары Қазақ ғылыми-зерттеу институты өкілдері және Үкіметтік емес ұйымдар мүшелері, Жоғарғы оқу орын тәлімгерлері мен мектеп оқушылары қатысты.
«Ашық есік күндері» шарасы аясында «Ақ таяқ» байқауы өтті. Байқау барысында оқырмандар арасында рельефті-графикалық құралдарды анықтау, нүктелі-бедерлі қаріптегі кітаптарды жылдам оқу, шетелдік және отандық тиын бағамдарын анықтау байқаулары ұйымдастырылып, жеңімпаздар марапатталды.
Кітапхана 2018 жылдың маусым айының 28-ші жұлдызында Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Астана қаласы әкімдігінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ-де Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орай, «Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханалардың қоғамның интеллектуалды дамуы мен рухани жаңғыруына қосқан үлесі» тақырыбында бірінші рет Астана қаласында ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырды.
Конференция барысында Қарағанды, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстық және Астана арнайы кітапхана директорлары мен өкілдері түрлі тақырыптарға баяндамалар жасады.
- «Арнайы кітапханалардың қоғамның интеллектуалды дамуы мен рухани жаңғыруында алатын орны»;
- «Көзі көрмейтін оқырмандар өміріндегі арнаулы кітапханалардың зияткерлік рөлі»;
- «Кітапхана мүмкіндігі шектеулі жандар үшін кедергісіз кеңістік»;
- Брайлша қазақ алфавитінен латын әліпбиіне көшу;
- Оңтүстік Қазақстан облыстық арнайы кітапхана мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру жолында: «Болашаққа көзқарас: Қоғамдық сананы жаңғырту»;
- «Кітапхана – ашық әлем: мүмкіндігі шектеулі азаматтардың тәуелсіздікке қарекеті»;
- «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасына қосқан үлесі» және басқа да тақырыптағы баяндамалар.
Конференция аясында «Астана – халықтар бірлігінің Отаны» тақырыбында рельефті-графика әдісімен көрнекіленген нүктелі-бедерлі қаріппен басылған кітаптар байқауы өткізілді. Байқауға республика көлеміндегі облыстық арнайы кітапханалар Астана жайындағы ең үздік жергілікті туындыларын ұсынды. Ол туындылар мазмұны, безендірілуі, мұқабасының талапқа сай болуы және рельефті-графикалық көрнекілігі бойынша, байқаудың демеушісі, Қазақ соқырлар қоғамының Орталық басқармасының тағайындаған түрлі дәрежедегі ақшалай сыйлығына ие болды.
Кітапхана ұжымы Астана қаласының 20 жылдығы аясында, Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасында өткізілген «Кітапхана – қоғамның көпфункционалды, көпдеңгейлі әлеуметтік институты» атты Бүкілқазақстандық кітапханашылар съезін ұйымдастыруға атсалысып, республика көлеміндегі облыстық арнайы кітапхана өкілдеріне «Қазақстанның арнайы кітапханаларын сандық ортаға біріктіру және дамудың заманауи форматы» тақырыбында секция өткізді.
Кітапхана съезд резолюциясына өз тарапынан арнайы форматта шығатын кітаптарды зағип және нашар көретін азаматтардың, сондай-ақ, басқа санаттағы мүгедек жандардың баспа әдебиеттеріне қол жеткізіп, интеллектуалды дамуына жол ашатын Марракеш шартын ратификациялауды ұсынды.
Кәсіби шеберлік деңгейін көтеру, тәжірибе алмасуда ағымдағы жылдың тамыз айында Малайзия астанасы — Куала-Лумпур қаласында кітапханалық ассоциациялар Халықаралық федерациясы «ИФЛА-84» «Қолжетімсіздікке қол жеткізу» ұранымен «Кітапханаларды трансформациялау, қоғамды түрлендіру» тақырыбында өткен Дүниежүзілік ақпараттық-кітапханалық конгресіне қатысып қайттық.
Маусым айында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Баспасөз орталығында өткен Елорданың 20-жылдығына байланысты баспасөз хатшыларының конференциясына Кітапхананың баспасөз хатшысы міндетін атқарушысы кітапханашы қатысты. Бүгінгі таңда конференцияда аталған бағыттар бойынша тапсырмалар жүзеге асырылуда.
Кітапхана қызметкері «Жігер» мүмкіндігі шектеулі жастар ұйымының өкілдерімен бірге Тараз қаласының Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде, Инклюзивті білім берудегі психологиялық бейімделу орталығында «Мүмкіндігі шектеулі студенттерді оқытудағы арнайы құралдарды пайдалану және әмбебап дизайн принципі» бойынша тренинг өткізді.
Кітапханада әр айдың соңғы жұма күні қызметкерлер үшін ресейлік, қазақстандық кәсіби журналдарға шолу және түрлі тақырыптарда білім жетілдіру сабақтары өткізіледі.
Бүгінгі таңда Кітапхананың зағип оқырмандары қажетті арнайы әдебиеттермен қамтамасыз етіліп, арнайы кітапхананың интеграциялық қызметі бір жүйеге қойылуда. Әлеуметтік сауықтыру, ақпарат тарату және өзара қарым-қатынасты нығайту, мүмкіндігі шектеулі жандардың ақпарат желісіндегі мүмкіндіктерін арттыру, кітапхана қорын арнайы әдебиеттермен толықтырудағы жаңа мүмкіндіктер, «Автоматтандырылған ақпарат жүйесі – Қазақстан Республикасының арнаулы кітапханасы» (ААЖ – ҚР АК) — зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханалардың кітап қорын қалыптастыру ерекшелігіне (нүктелі-бедерлі, дыбыстандырылған және жайпақ-баспа, электрондық тасымалдағыштағы) байланысты кітапхана жұмыстары процесін автоматтандыруға арналған кітапханалық бағдарламаны одан әрі дамыту жұмыстары бір жүйеге келтірілуде.
2018 жылдың қорытындысы бойынша кітапхананың кітап қоры –248 393 дананы құрады, оның ішінде 32 133 данасы – қазақ тіліндегі әдебиеттер мен құжаттар. Брайль жүйесіндегі кітаптар 55 321 құрайды. Оқырмандар саны – 2 889, оның ішінде зағиптар саны – 1 094, нашар көретін оқырмандар – 1 049. Жалпы кітапханаға келушілер саны – 27 655, кітап берілімі – 103 431 дананы құрады.
ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдениет және өнер саласының бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру, мұрағат және баспа iсiн iске асыруды қамтамасыз ету» мемлекеттік бағдарламасының «Әлеуметтiк маңызы бар әдебиет түрлерін шығару» атты бағытына байланысты кітап қорын толықтырудың негізгі көзі республикалық баспалардан шығарылған жайпақ баспадағы әдебиеттер болып табылады. Осы бағдарламаға байланысты мемлекеттік тапсырыспен 133 дана құжат, оның ішінде 118 данасы қазақ тілінде. Жайпақ баспада жалпы саны – 152 дана құжат, оның 128 данасы қазақ тілінде. Жайпақ баспа қаріпінде – 19 дана сыйға тартылған, оның 10 данасы қазақ тілінде. Одан басқа нүктелі-бедерлі қаріптегі құжаттар:
- Санкт-Петербург. «ИПО «Чтение» баспасынан 296 Брайль жүйесіндегі кітаптар алынды;
- Кітапхананың «Сөйлейтін» және Брайль кітаптарын шығару бөлімінен – 33 Брайль жүйесіндегі кітаптар, оның 18-і қазақ тілінде шығарылды;
- 53 Брайль жүйесіндегі кітаптар сыйға тартылған, оның 10 қазақ тілінде.
Электронды тасымалдағышта 12 дана құжат сыйға тартылған, оның 6 қазақ тілінде. Кітапханада зағип оқырмандар үшін «Оңалту» (реабилитация) кабинеті жұмыс атқарады. Онда арнайы мамандар жұмыс істейді. 2018 жылдың қорытындысы бойынша, «Оңалту» кабинетінде, Брайль жүйесінде оқып, жазуды үйрету және кеңістікті бағдарлауға арналған 201 жеке сабақтар өткізілді. Сонымен қатар, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің дефектология факультетінің студенттеріне 44 сабақ, №4 Н. Островский атындағы зағип және нашар көретін балаларға арналған мектеп-интернатының ұстаздары мен ата-аналары үшін 14 топтық сабақтар өткізілді. Кітапхананың электрондық залында смартфон функциялары мен компьютерлік сауаттылыққа арнайы дыбысталған «Jaws» бағдарламасы арқылы үйрету жоғары деңгейде жүргізілуде. Бүгінгі таңда осы бағытта кітапхана мамандары зағип жандарға үкімет тарапынан берілген ноутбук және смартфон құрылғыларының функцияларын меңгерту мақсатында жыл бойында 27 зағип оқырманға 567 сабақ жүргізді.
2018 жылдың 5 қазанындағы Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауында 2019 жылды Жастар жылы деп жарияланды. Осы Жолдау аясында кітапханада Үкіметтік емес ұйымдардың жас зағип төрағаларының басын қосып жиналыс өткізілді. Жалпы республика бойынша қоғамдық мекемелер мен өңірлерде зағип жандарды компьютерлік сауаттылыққа үйретуде, смартфон функцияларын қажетті деңгейде білуге кітапханада аудио, бейне сабақтар жүргізетін мамандар дайындау жөнінде әңгіме қозғалды. Өйткені, әдістемелік орталық болып табылатын Республикалық кітапхана үшінөңірлердегі зағиптардың компьютерлік сауаттылығының ақсап тұрғаны негізгі мәселе болып отыр. Осы мәселені келешекте шешу жолдары туралы Үкіметтік емес ұйымдардың жас зағип төрағаларының пікірлерін ескере отырып, осынау кешенді шаруаны болашақта бірлесіп атқару қажет деп шештік. Жас зағип кәсіпкерлерден координациялық «Ақпараттық орталық» деген топ құрылды. Кітапхана ауқымды шаралардың, іскер жастардың өзара пікір алмасатын орталығы екендігін тағы да дәлелдеді. Бүгінде facebook, WhatsApp арқылы әркім өз саласындағы өзекті деген жаңалықпен «Ақпараттық орталық» тобында алмасуда.
Оқырмандарды кітап оқуға тартудағы тиімді кітапханалық қызмет түрлерін жетілдіру барысында, кітапхананың қызметіне мұқтаж, үйден оқитын зағип оқырмандар қажетті арнайы әдебиеттермен қамтамасыз етілуде. Қала ішінде (ықшам аудандарда) 270 оқырманға үйден қызмет көрсету жұмыстары жүргізіліп (айына 4 рет), кітапханалық пункттердің жұмысы да жалғасын табуда. Кітапхана Алматы қаласы ғана емес, Қарасай, Талғар, Іле аудандарында тұратын зағип оқырмандарға, №2 оқу-өндірістік кәсіпорнының 322 оқырманына, сонымен қатар Алматы қаласындағы зағиптардың оқу-өндірістік кәсіпорындарында 237 оқырманға (айына 2 рет) кітапханалық қызметтер көрсетеді.
«Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана» республикалық мемлекеттік мекемесі 9 облыстық, 5 қалалық арнайы кітапханалар мен 2 арнайы кітапханалық бөлімнің әдістемелік-ақпараттық орталығы болып табылады. Әдістемелік жұмыстарды негізге ала отырып, жалпы республика бойынша мемлекеттік кітапханалардың жылдық есебіне сүйене отырып, кітапханалар торабы, оқырмандар саны мен келім саны, кітапхана қорының құрамы және оны қолдану, қалыптастыру, техникалық құрал-жабдықтары, электрондық ресурстары, кітапханалық қызметкерлері, сондай-ақ, жылдық есептері бойынша жыл сайын ақпараттық және статистикалық шолу жасалынады.
Кітапхананың www.blindlib.kz сайтында күнделікті жаңалықтар өзгертіліп тұрады. Өткізілген шараларды, кітапхана жаңалықтарын бұқаралық ақпарат құралдарымен тиісті деңгейде сабақтастырып, мекеме сайты, Facebook, Instagram, ВКонтакте әлеуметтік желілерінде жарияланып, қолданушылардың сұраныстары қанағаттандырылуда.
Кітапхананың тыныс-тіршілігі жайында Бұқаралық ақпарат құралдарында сұқбат, бейнекөріністер форматында «Алматы», «Қазақстан», «СТВ» телеарналарында, жазылған мақалалар «Егемен Қазақстан», «Айқын», «Жетісу», «РБНСГ-Вести», «Үш қоңыр», «Вечерний Алматы», «Алматы ақшамы» газеттерінде және кітапхана сайтында жарияланды.
2018 жылы кітапхана мамандары кезекті аттестациядан өтті. Бүгінгі таңда Кітапханада әкімшілік, есепшімен (бухгалтер) қоса штат бойынша 41 қызметкер жұмыс істейді. Кітапханада екі жоғары білімді 8 қызметкер, жоғары білімді 27 қызметкер, 7 орта кәсіптік арнайы білімі бар және 2 аяқталмаған жоғары білімді қызметкерлер жұмыс істейді.
Жоғарғы санатты кітапханашылар саны 17, I санатты кітапханашылар – 3, II санатты кітапханашылар саны – 3 және санаты жоқ 4 кітапханашы жұмыс істейді.
Кітапхана құрылымы әкімшілік, есепші (бухгалтер) және 8 бөлімнен тұрады:
- ҚР зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулыкітапханаларына әдістемелік және тәжірибелік көмек пен ақпараттық-библиографиялық қызмет көрсететін және барлық санаттағы мүгедектерге арналған оңалту кабинетінің жұмысын ұйымдастыратын Кітапхана ісін дамыту, библиография және тифлология бөлімі.
- Кітапхана қорын әдебиеттердің барлық басылым түрімен, электронды тасымалдағыштағы, мерзімді басылымдармен толықтыратын, кітап қорын жүйелейтін және каталогтарды ұйымдастыратын Кітап қорын толықтыру, өңдеу және каталогтарды ұйымдастыру бөлімі.
- Зағип оқырмандарға, сонымен қатар басқа да санаттағы мүгедектерге, үйдегі оқырмандарға ақпаратты-кітапханалық қызмет көрсететін Кітап қорын сақтау және абонемент бөлімі.
- Зағип және нашар көретін азаматтармен олардың отбасы мүшелеріне және басқа санаттағы мүмкіндігі шектеулі оқырмандардың сұраныстарына қажетіне қарай жекелей қызметкөрсетіп, оқырмандардың мәдениеті мен білімін жетілдіруге ықпал ететін Жеке қызмет көрсету бөлімі.
- Өнер және спорт әдебиеттерін насихаттайтын және әдеби-сазды, кездесу, еске алу кештерін, музейлерге саяхат, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ т.б. жарыстарын ұйымдастыратын Өнер және спорт әдебиеттері бөлімі.
- Брайль жүйесіндегі және Daisy форматта халықаралық стандартпен кітаптар шығаратын, жайпақ және Брайль жүйесінде қазақ және орыс тілдерінде шығатын «РБНСГ- Вести» газеті мен дыбыстандырылған «Менің жолым» — «Мой путь» газеттерін шығаратын «Сөйлейтін» және Брайль кітаптарын шығару бөлімі.
- Барлық кітапханалық процестерді автоматтандыруды қамтамасыз ететін (Автоматтандырылған ақпараттық жүйе Қазақстан Республикасы арнайы кітапханалары (ААЖ ҚР АК) бағдарламасы), кітапхананың компьютерлері мен оргтехникаларының жұмыс істеуіне тікелей жауап беретін, олардың істен шықпауын алдын алатын және жөндеу жұмыстарын жүргізетін, кітапхана сайты мен әлеуметтік желілерге техникалық қолдау көрсететінавтоматтандыру MS Access платформасында жұмыс істейтін Автоматтандыру және техникалық қолдау бөлімі.
- Кітапхананы шаруашылық, техникалық, материалды-құндылықтармен жабдықтайтын, техника және өрт қауіпсіздігін, мұрағат құжаттарының сақталуын қамтамасыз ететін Шаруашылық және мұрағат бөлімі.
Құрметті әріптестер және Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері! Сіздер, 2018 жылғы Елбасы Н. Назарбаевтың Жолдаулары аясындағы кітапхананың атқарған жұмыстарымен таныс болдыңыздар. Алдағы уақытта, кітапхана оқырмандарына көрсетілетін ақпараттық-кітапханалық қызметтің деңгейін көтеруге, жоспарлаған жаңа мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыруға бар күш-жігерімізді жұмсаймыз.
Назарларыңызға рақмет!