News & Events
ЗНКААРК мен Новосібір облыстық арнайы көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасы арасында өзара ынтымақтастық меморандум аясында Халықаралық көмек көрсету қызметі мектебінің «Заманауи кітапхана – азаматтық қалыптасу және бейімделудің мәдени ортасы» тақырыбында VIII Халықаралық тәжірибелік семинар өтті
- 12.04.2018
- Posted by: RBNSG
- Category: Жаңалықтар
2018 жылы сәуір айының 11 жұлдызында Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана (әрі қарай ЗНКААРК) және Новосібір облыстық арнайы көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасы арасында өзара ынтымақтастық меморандум аясында Халықаралық көмек көрсету қызметі мектебінің «Заманауи кітапхана – азаматтық қалыптасу және бейімделудің мәдени ортасы» тақырыбында VIII Халықаралық тәжірибелік семинар өтті.
Семинарды Новосібір облыстық көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапхана ұйымдастырды.
Семинарға мүмкіндігі шектеулі азаматтарға белсенді қолдау көрсететін, өз инновациялық үздік тәжиребесімен бөлісуге дайын Ресей және шетелден түрлі сала өкілдері қатысты. ЗНКААРК семинарға бейнекөпір арқылы байланысқа шықты. Семинар бағдарламасы келесі тақырыптарды қамтыды:
- бейімделу мәдениеті: қажеттілік, контент, біріктіру (интегрирование) тәсілдері;
• еріктілік – мекен-жайлық ақпараттық-кітапханалық қызмет көрсетуде жаңа буынның өзекті ресурсы;
• сектораралық серіктестік – мүмкіндігі шектеулі азаматтардың тәуелсіз өмір сүруіне жағдай жасау құралы;
• тосқауылсыз шешімдерді жүзеге асыру және енгізу үшін бірлескен жобалау әдісі; Сонымен қатар, еріктілік (волонтер) қызмет, әлеуметтік серіктестік және түрлендіру мәселелері талқыланды.
«Кітапхана — әлеуметтік маңызы бар инновациялық тәжірибені дамытуда құзыреттілік орталық» тақырыбы аясында ЗНКААРК тарапынан, Кітап қорын сақтау және абонемент бөлімінің компьютерлік сауаттылыққа үйретуші маманы Кондратьева Анна Александровна сенсорлы құрылғылар және кітапхана оқырмандарына қашықтан қызмет көрсету тақырыптарында мәлімет берді.