News & Events
Тұрғындарға арналған қаржылық сауаттылық бағдарламасы
- 14.12.2018
- Posted by: RBNSG
- Category: МЕҰ ынтымақтастық
ТҰРҒЫНДАРҒА АРНАЛҒАН ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ
2013 жылы «KMF-Демеу» қоры «КМF» Микроқаржылық ұйымымен бірге «Қазақстан Республикасы тұрғындарының қаржылық сауаттылығын арттыру» жобасын әзірледі. Жобаның негізгі мақсаты оқыту семинарларына тегін қатысу мүмкіндігін ұсына отырып, халыққа қаржылық емес қолдау көрсету болып табылады.
Жоба аясында КМF Микроқаржылық ұйымы еліміздің кез келген азаматы үшін тегін сабақтар мен семинарлар өткізеді. Тұрғындар аталмыш семинарларда өз қаржы құралдарын сауатты басқаруға мүмкіндік беретін қаржы саласында жеткілікті білім деңгейін және дағдыларды игеруге мүмкіндік алады – кірістер мен шығыстардың есебін жүргізуді, шамадан тыс берешектің туындауына жол бермеуді, жеке бюджетті жоспарлауды, ақша жинақтауды үйренеді.
Қаржылық сауаттылық бойынша сабақтар KMF микроқаржылық ұйымының кеңселері орналасқан Қазақстанның барлық өңірлерінде қазақ және орыс тілдерінде қолжетімді. Дәрістер қаржылық сауаттылық бойынша бейне сабақтар мен кітапшалардың сериясынан тұрады әрі олар әрбір тыңдарманға тегін таратылады. Сабаққа KMF МҚҰ кеңсесіне келіп жазылуға болады.
ҚЫМБАТТЫ ДОС!
Сіздің қолыңызда KMF өзінің барлық филиалдары мен бөлімшелерінде жүзеге асырып отырған Халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру бағдарламасы қамтылған кітапша. Бұл бағдарламаны ACDI/VOCA америкалық коммерциялық емес ұйымының қатысуымен «KMF-Демеу» қоры әзірлеген. Сіз үшін қандай тақырыптар қызықты әрі пайдалы екенін ұғыну үшін біз клиенттердің арасында берілген сабақтардың қажеттілігін бағалап, зерттеу жүргіздік. Зерттеу нәтижелері бойынша 11 негізгі тақырыпты анықтадық. Сіз әр тақырып бойынша KMF қызметкерлері өткізетін тренингтерге (сабаққа) қатысып, кітапшаны тегін ала аласыз. Біз сабақтарымыздың негізі ретінде қазақстандық отбасылардың өмірінен шынайы көріністерді мысал ретінде келтірдік. Бағдарламадан Сіз өз отбасыңыздың қаражатын айтарлықтай ұтымды басқаруға, тұрмысыңызды жақсартуға ықпал ететін пайдалы кеңестер мен тың идеялар, сонымен қатар нақты әдістерді таба алады деген сенімдеміз.
СІЗДІ KMF ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ӨТКІЗЕТІН КЕЛЕСІ САБАҚТАРҒА ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРАМЫЗ:
1-сабақ Үй бюджеті және отбасындағы қаржылық жоспарлау.
2-сабақ Отбасымның қаржылық есебі.
3-сабақ Жақсы кредитті қалай таңдауыма болады?
4-сабақ Кредит: қиындықтардан қалай құтылуға болады?
5-сабақ Отбасылық қаражатты күтпеген жағдайлардан қалай қорғауға болады.
6-сабақ Келісім-шартқа қол қоймай тұрып нені білу керек?
7-сабақ Қарыз алушы ретіндегі құқықтарым мен міндеттерім.
8-сабақ «Қолма-қол ақшадан» «қолма-қол ақшасыз» есеп айырысуға дейін.
9-сабақ Қор жинаудың түрлі тәсілдерінің «оң» және «теріс» жақтары.
10-сабақ Сақтандыру: ол маған керек пе?
11-сабақ Кредитті өтеу тәсілдері.
Қаржылық сауаттылық бағдарлама туралы ақпаратты алу үшін сілтеме бойынша өтіңіз:
http://demeufund.kz/kz/finansovaya-gramotnost-dlya-naseleniya/