News & Events
Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапханада желтоқсан айының 5-ші жұлдызында Қазақ Зағиптар Қоғамының құрметті мүшесі, Мәдениет саласының үздігі, «Незабудка» әдеби-музыкалық бірлестіктің жетекшісі, зағип ақын Владимир Ивановскийдің 80 жасқа толған мерейтойына орай «Жизнь – это движение» атты шығармашылық кеші өтті.
- 07.12.2018
- Posted by: RBNSG
- Category: Жаңалықтар
Жеке қызмет көрсету бөлімі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Моя жизнь — движение» атты кітап көрмесі жасақталып, шолу жасалынды.
Кешті ақын Владимир Ивановский өз өмірінен қысқаша шолу жасап, «Нам право дано» атты өлеңін оқумен ашып берді. Бүгінгі таңда ақынның қаламынан 6 өлең жинақтары жарық көрген, оның ішінде 20 поэмалар,олар : қазақтың батыр қызы Мәншүк Мәметоваға, Луи Брайльға, Иоганн Бетховенге, Сәкен Хайдарұлы Өтегеновке арнап жазған болатын.
Кеш барысында ақынның өлеңдері жатқа оқылып, автордың өлеңіне жазылған әндер де шырқалды. Олар: «Гимн», «Гимн женщине», «Моему городу-слава», «Сентябрь», «Любите природу», «Совет женщинам», «Две шапки», «Содружество», «Ах, любовь», «Добро и зло», «Моя внучка» т.с.с.
Кеш соңында «Соловьи Алату» орыс хор әншілері сонымен қатар құттықтауға келген көпшілік қауым ыстық лебіздерін білдіріп, сыйлықтарын табыс етті. «Қазақ Соқырлар Қоғамы» қоғамдық бірлестігі Қазақстан Республикасындағы Алматы қаласы филиалы төрайымы Конурбаева Кәбира, Көру және есту мүгедектігі бар азаматтар арасында мәдени шаралар ұйымдастыру мекемесінің жетекшісі Әділханов Ғазизхан құттықтау сөздерін айтты. Кітапхана ұжымы атынан директор Байұзақов Асхат Құсайынұлы құттықтау сөз сөйлеп, ақынның мерейтойына арнап шығарған Владимир Ивановскийдің «Жизнь прожить – не поле перейти» атты өлеңдер жинағын тарту етіп, соңынан қазақтың салт-дәстүрі бойынша кеш иесіне құрметпен шапан кигізді.
Жеке қызмет көрсету бөлімі