News & Events
«Қазақстан Республикасындағы гендерлік саясат»
- 05.12.2018
- Posted by: RBNSG
- Category: Жаңалықтар
Ағымдағы жылдың 5-ші желтоқсанында кітапханада Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті Әлеуметтік және гендерлік ғылыми-зерттеулер институтының жетекші қызметкері, философия ғылымдарының докторы Аташ Берік Мұратұлы «Қазақстан Республикасындағы гендерлік саясат» тақырыбында дәріс оқыды.
Дәріс барысында Берік Мұратұлы жалпы гендер ұғымына түсініктеме беріп «гендер (ағылшын gender) – қоғамдағы адамның жүріс-тұрысын анықтайтын әлеуметтік жыныс. Қазақста Республикасындағы гендерлік саясаттың негізгі принциптері ерлер мен әйелдер үшін Қазақстан Республикасы Конституциясымен кепілдендірілген тең құқықты және бостандықты орнатады дей келіп, қазіргі таңда Елбасымыздың гендерлік саясатқа көңіл бөлуі жақсы көрсеткіштерге алып келетінінде тілге тиек етті. Сонымен қатар, бүгінде институт өз жұмысын гендерлік педагогика, Этногендерология және Отбасылық саясат басымдықтарын негізге ала отырып жүргізетінін атап өтті.
Кеш соңында кітапхана директоры Байұзақов Асхат Құсайынұлы дәріскер Берік Мұратұлына қызықты дәрісі үшін алғысын білдіріп, алдағы уақытта да шығармашылық серіктестігімдің жалғаса беретіндігін айтты.