News & Events
1 желтоқсан – Қазақстан Рспубликасы Тұңғыш Президенті күніне орай Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапханада қараша айының 29-шы жұлдызында «Ел сенімін ақтаған тұлға» атты әдеби-сазды кеш өтті.
Тұңғыш Президент күні – бұл тарихи таңдау күні. Барлық қазақстандықтардың Ұлт көшбасшысы Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың төңірегіне топтасу күні. Тәуелсіздік пен бостандықтың игі мұраттарынан баянды етіп, өркениетті елдерге тән қадамдар жасауда, ел алдындағы саясаткерлік, қайраткерлік, азаматтық және перзенттік парызын адал орындап, әлемдік беделге ие болған. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің ел тәуелсіздігін нығайтудағы, халықаралық аренада мемлекет беделін көтерудегі еңбегіне әділ бағалар берілуде. Елімізге еңсе тіктетіп, мемлекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып, алаш баласының абыройын ақсақтатқан Елбасының кісілік келбетін насихаттау.
Осы кешке орай оқырмандар назарына «Елбасы – ел тірегі» атты көрмесі ұсынылып, шолу жасалынды.
Іс-шараны кітапхана директоры Асхат Құсайынұлы Байұзақов құттықтау сөзімен ашып берді. «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті» атты бейне фильмімен жалғасын тапса, кітапхана жанынан құрылған «Өнер өрімдері» әдеби, мәдени клубының жетекшісі, ақын Әбетхан Тоқтаған Елордамыз «Астана» қаласына арнаған өлеңін оқыды, «Незабудка» әдеби-музыкалық бірлестік жетекшісі, ақын Владимир Ивановский «Наш Президент» Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа арнап шығарған өлеңінің тұсауы кесілді. «Қаламқас» вокалды тобының мүшесі Марфа Глущенко «Мой Казахстан» өлеңін оқып берді.
Кешті өнер және спорт әдебиеттер бөлімінің қызметкері Момбекова Назым Шөмішбай Сариевтың «Атамекен» әнімен әрлесе, «Армандастар» вокалды-аспапты тобының әншісі Светлана Тоқабаева «Қазақ елі осындай», «Аист на крыше» әндерімен жалғастырды.
Кеш соңында кітапхананың белсенді оқырманы, «Соловьи Алатау» орыс хорының мүшесі Илья Паздеров «Весна на Заречной улице» кинофильміндегі әнді шырқап, украин биі «Гопакты» баян аспабында шебер орындап көрермендердің қошеметіне бөленді.
Жеке қызмет көрсету бөлімі