News & Events
«Көмектес» қайырымдылық қоры мен Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапханасының ұйымдастыруымен қазақ әндерін өзге ұлт зағип азаматтары арасында 6-шы рет «Менің елім» байқауының гала-концерті ағымдағы жылдың 24-ші қарашасында өтті, қатысушылар Алматы, Астана, Тараз, Есік қалаларынан болды (олардың ішінде 8 көрмейтін оқушылар бар).
Гала-концерт Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармонияның «Камера» залында өтті.
Қазылар алқасын Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Айжан Нұрмағамбетова басқарды, мүшелерін: композитор, «Проспект» тобының әншісі Бек Оралбеков және композитор, ҚР Мәдениет қайраткері Мүбәрәк Шәкір құрады.
Гала-концертке жылда, дәстүрлі түрде демеушілік көрсететін ұйымдар: ЖШС «Pharm Express», директоры Полянская Юлия Аркадьевна, ЖШС «СТС Азия групп», директоры Любарец Елена Валерьевна және ҚСҚ қарасты Алматы қаласы ЖШС № 2 оқу-өндірістік кәсіпорнының директоры Асқар Кумарбекович Увалиев.
Концерттің 1-ші бөлімінде Алматы, Тараз, Есік қалаларынан 8 көрмейтін әнші оқушылар өнерлерін паш етті.
Концерттің 2-ші бөлімінде Алматы, Астана қалаларынан қатысқан ересек әншілер сахнаға шықты.
Қазылар алқасының пікірінше, осы жылы қазақ әндерін өзге ұлт өкілдерінің орындауында деңгейі жоғары болды. Сондықтан, Гран-при тағайындау балалардың да, ересектердің де арасында қиынға соқты. Қызу пікірталастан соң, оқушылар арасында Гран-при Н. Островский атындағы мектеп-интернаттың 6 сынып оқушысы Лаура Әбдіғұлға, ал үлкендер арасында 2017 жылы Гран-при алған, Н. Островский атындағы мектеп-интернаттың баян класының ұстазы, ұйғыр ұлтының өкілі Асымжан Хапузовқа бұйырды.
ЖШС «Pharm Express» даму бойынша директоры Игорь Петрович Губарев және «Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана» РММ директоры Асхат Кусаинович Байузаков жеңімпаздарға Гран-при тапсырды, ал Игорь Петрович Губарев барлық қатысқан әншілерге көтерме сыйлықтар табыстады.
«Нұр Отан» партиясының Алматы қалалық филиалы Айжан Нұрмағамбетоваға, Игорь Губаревке және кітапхана директорының кеңесшісі Кырмызы Байзаковаға алғыс хаттар сыйлады.
Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының алғыс хаттары ҚСҚ қарасты Алматы қаласы ЖШС № 2 оқу-өндірістік кәсіпорнының директоры Асқар Кумарбекович Увалиевке, 6-шы «Менің елім» байқауының ұйымдастыру комитетінің төрайымы Гулназ Даржановаға және «Көмектес» қорының құрметті демеушісі Мариям Иминоваға тапсырылды.
Казбек Владимирович Мамсуров Алматы қаласының Қазақстан халықтар ассамблеясы атынан алғыс хатты «Жаңа әлеуметтік технологиялар» қоғамдық бірлестігінің басшысы Руслан Губаревке тапсырды.
«Менің елім» байқауының гала-концертінің ұйымдастырушылары Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармонияның әкімшілігіне «Камера» залында өтуіне рұқсат бергеніне, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің Тәрбие ісі жөніндегі проректоры Жанатбек Ишпекбаевқа және Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің педагогика және психология ғылыми институты директорының орынбасары Багдат Маженовқа аталған ЖОО студенттерінің қазақ әндерін өзге ұлт зағип азаматтары арасында 6-шы рет «Менің елім» байқауының гала-концертін ұйымдастыруға, «еріктілер» және көрермен ретінде көмек көрсеткеніне ризашылықтарын жеткізді.
Зағип қатысушыларға Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармонияға және кері қарай кітапханаға жету қиын болғандықтан Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасы және қалалық жұмыспен қамту орталығы көлікпен қамтамасыз етті.
Түрлі ұлт зағип азаматтарының арасындағы «Менің елім» байқауы тарихта қалды.
2019 жыл біздің елімізде жастар жылы. Осыған орай, түрлі ұлт зағип азаматтарының арасындағы қазақ әндерінің «Менің елім» атты 7-ші байқауында жаңа, жүрек тебірентер, талантты әншілер көбірек қатысады деп үміттенеміз.
Сара Абибулаева