News & Events
5 (79) – 2018 РБНСГ-ВЕСТИ
- 23.11.2018
- Posted by: RBNSG
- Category: РБНСГ Вести
5 (79) – 2018
РБНСГ-ВЕСТИ
Издание Республиканской библиотеки для незрячих и слабовидящих граждан
Обязателен выпуск рельефно-точечным шрифтом
Издается с 2005 года
БҮКІЛҚАЗАҚСТАНДЫҚ КІТАПХАНАШЫЛАР СЪЕЗІ
Нөмірде:
«Кітапхана – қоғамның көпфункцияналды, көпдеңгейлі әлеуметтік институты» атты бүкілқазақстандық кітапханашылар съезі
Тифлопедагог кеңесі: Көру қабілеті зақымдалған балалардың танымдық қабілеттері.
Қазақша — орысша — ағылшынша сөздік.
«Кітапхана – қоғамның көпфункцияналды,
көпдеңгейлі әлеуметтік институты» атты
бүкілқазақстандық кітапханашылар съезі
Астана қаласының 20 жылдық мерекесі аясында «Кітапхана – қоғамның көпфункцияналды, көпдеңгейлі әлеуметтік институты» тақырыбында Бүкілқазақстандық кітапханашылар съезі өтті. Қыркүйек айының 13-14 күндеріне жоспарланған маңызды мәдени шараға еліміз өңірлерінен екі жүзге тарта кітапхана саласының мамандары келді. Кітапханашылар съезі республикадағы кітапхана саласының болашақтағы саясатын айқындайтын, жаңғыртатын және жаңаша серпін беретін маңызды мәдени оқиға болып табылады.
Қазақстан кітапханашылары 1998 жылдан кейін 20 жыл өте барлық жүйелер мен ведомстволардың кітапханалық қауымдастығының алғаш рет басын қосып отыр. Съезге отандық кітапхана саласы өкілдерімен қатар АҚШ, Түркия, Ресей, Беларусь, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан және т.б. мемлекеттер кітапханаларының мамандары қатысты. Съездің ресми бөлімі Қазақстан Республикасы Парламент Сенаты Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрайымы Бірғаным Әйтімова, ақын Олжас Сүлейменов, ғалым Әбсаттар Дербісәлі, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет, Ресей мемлекеттік кітапханасының директоры В.В.Дуда Ұлттық кітапхана директоры Жанат Сейдуманов, ЮНЕСКО өкілдері, т.б. сөз сөйлеп, кітапхананың қоғамдағы рөліне қатысты маңызды мәселелерді ортаға салды.
Бүкілқазақстандық съезд – түрлі аймақтық деңгейдегі көпшілік кітапханалардың, ғылыми, техникалық, жоғары оқу орындарының және мектеп кітапханаларының мамандары, мемлекеттік органдардың өкілдері, бизнес серіктестік және ұқсас ұйымдардың еліміздегі кітапхана ісінің мәселелерін сапалы шешу, республикадағы кітапхана қорын цифрландыру жолдары, ақпараттың қолжетімділігін заңнамалық қамтамасыз ету және басқа да өзара іс-қимылдарды талқылайтын, ресурстар мен мүмкіндіктерді біріктіретін кәсіби диалог алаңы ретінде тақырыптарына байланысты V секцияда жалғасын тапты.
I-секция – «Қазақстанның цифрландыру контекстіндегі кітапханалар» тақырыбына арналды. I-секция модераторлары ҚР ҰК директорының кітапханалық жұмыстар жөніндегі орынбасары Б.К. Оспанова, Б.Н. Ельцин атындағы Президенттік кітапхананың ақпарттық ресурстар жөніндегі директоры Е.Д. Жабко. II-секция – «Замануи кітапханалар: дәстүр және жаңашылдық». Модератор ҚР Ұлттық кітапханасы директорының ғылым жөніндегі орынбасары А.Х. Юсупова. III-ші секция – «Тәрбие және білім беру» кітапханалардың «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асырудағы кітапханалардың рөлі». Модератор: ҚР Білім және ғылым министрлігі республикалық ғылыми педагогикалық кітапханасының ғылым-әдістемелік бөлімшесінің жетекшісі А.Б. Емишова. IV-секция – «Қалпына келтіру, консервация және түптеу қызметінің жұмыстарымен таныстыру». Модератор: қалпына келтіру, консервация және түптеу қызметінің жетекшісі Б.Ш. Сәрсенбаева. V-ші секцияда «Қазақстанның арнайы кітапханаларының сандық ортаға шоғырлануы және дамудың заманауи форматтары» тақырыбы бойынша Республикадағы зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапхана өкілдері бас қосты. Секция жұмысының модераторы Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапханасының директоры А. Байузаков болды.
Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапханасы Астананың 20 жылдығына арналған «Саусақ ұшындағы әлем» — «Мир на ощупь» тақырыбында электронды және нүктелі-бедерлі қаріптегі кітаптар мен бедерлі-графикалық құралдардан, зағип және нашар көретін балалардың саусақ моторикасын дамытуға арналған пазлдар мен ойыншықтардан көрме жасақтады. Съезд делегаттары мен қатысушылары көрмеге деген аса қызығушылықтарын танытты.
Съезд шеңберінде: кітапхана директорларының отырысы, дөңгелек үстелдер ұйымдастырылды, кітапхана саласының жетекші шетелдік мамандарының қатысуымен фокус-тренингтер, шеберлік-сыныптары, тәжірибелік сабақтар, Астана және Ақмола облыстарының кітапхана қауымдастығымен мерекелік – онлайн-кездесуі өткізілді. Съезд барысында ҚР ҰК директорының орынбасары А.Юсупованың модераторлығымен ЮНЕСКО-ның Алматы қаласындағы Кластерлік бюросы коммуникация және ақпарат бөлімінің жетекшісі С.М. Карпов «Әлеуметтік медиа мектебі. Ақпаратқа ашық қолжетімділік» тақырыбында баяндама жасады.
Екі күнге жоспарланған Бүкілқазақстандық кітапханашылар съезі жоғары деңгейде өткізілді. Съезд қорытындысын ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Ж.Сейдуманов пен директордың ғылым жөніндегі орынбасары А.Юсупова қорытындылады. Шара соңында режиссер, сценарист, публицист, ҚР Кинематографистер одағы басқармасының төрағасы Е.Тұрсыновпен кездесу өтті.
Маханова З.А.,
Кітапхана ісін дамыту, библиография
және тифлология бөлімі.
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ — ПОЗДРАВЛЯЕМ!
С 80-летием
Сапелкина Александра Филипповича, общественного деятеля ОО «КОС», организатора библиотечной сети для незрячих и слабовидящих граждан. Желаем Александру Филипповичу крепкого здоровья, семейного благополучия и всего самого доброго!
ЖАҢАЛЫҚТАР – НОВОСТИ
«Ата заңым – ардағым!»
28 августа 2018 года в Республиканской библиотеке для незрячих и слабовидящих граждан проведено литературно-музыкальное мероприятие, посвященное Дню конституции РК.
Праздничное мероприятие началось с песни А.Коразбаева на слова Н. Назарбаева «Үшқоңыр», которую исполнил солист вокально-инструментальной группы «Армандастар» Дүйсенбиев Ержан. Советник директора библиотеки Байзакова Кырмызы Иртысовна поздравила всех присутствующих с Днем конституции РК, указала на значимость проводимого мероприятия. Она сказала: «30 августа отмечается день Конституции Республики Казахстан. Конституция – это основной документ государства, которого должны «слушаться» все остальные законы. Благодаря ему каждый гражданин нашей страны может свободно развиваться на благо страны. В Конституции РК записаны наши права, свободы и обязанности. По Конституции нашей страны мы имеем право на жизнь, имеем право выбирать профессию, имеем право на отдых, жилье и медицинскую помощь.
Затем был показан видеофильм посвященный Дню Конституциии. Мероприятие продолжилось праздничным концертом, где исполнялись песни и стихи про Казахстан – нашу прекрасную Родину! Певцы вокально-инструментальной группы «Армандастар» Н. Гизатов, М. Нұрлыбаев, Е. Дүйсенбиев спели песню «Рахмет саған, туған ел!», Е. Дүйсенбиев — «Көк тудың желбірегені», М. Глущенко — «Я люблю тебя, земля!», Ф. Қалиева — «Күн дидарлы Қазақстан», Г. Демин — «Малая Родина». Слушатели горячими аплодисментами встречали и провожали своих артистов, слышались возгласы одобрения патриотическим произведениям, пели вместе знакомые и любимые мелодии. Читатель библиотеки поэт ӘбетханТоқтаған с большим душевным подъемом прочитал свои стихи «Аспандай бер, Астанам!».
Новый успех
В Республиканской библиотеке для незрячих и слабовидящих граждан РК прошёл шестой конкурс казахских песен на казахском языке «Менің елім» среди инвалидов по зрению разных национальностей. В конкурсе приняли участие как взрослые инвалиды по зрению, так и незрячие дети разных национальностей городов Алматы, Астаны, Тараза и Иссыка. Жюри конкурса возглавила Заслуженная артистка Республики Казахстан Айжан Нурмагамбетова.
Итогом конкурса стал отбор 12 лучших исполнителей казахских песен среди незрячих вокалистов для выступления в гала-концерте 24 ноября этого года. Семеро из них являются учащимися Алматинской и Иссыкской школ для незрячих и слабовидящих детей.
От имени Товарищества с ограниченной ответственностью «PharmExpress» все конкурсанты получили поощрительные премии. Их вручил представитель товарищества Руслан Губарев.
Директор РБНСГ РК Асхат Байузаков вручил Дипломы за активное участие в Конкурсе его участникам, которые не прошли на гала-концерт, а также Почётные Грамоты фонда «Комектес» и РБНСГ РК Айгуль Байменовой — музыкальному руководителю Алматинской школы-интерната для незрячих и слабовидящих детей имени Николая Островского; Гульмире Баймукановой – музыкальному руководителю Иссыкской школы для детей с проблемами зрения; Бакытбеку Жантаеву – музыкальному руководителю областной специальной школы-интерната «Болашак» для слепых и слабовидящих детей города Тараз; Ирине Кулаго – музыкальному руководителю художественной самодеятельности КОС г. Астаны и благодарственное письмо представителю Уйгурского культурного центра Халиде Полтают.
Уйгурский культурный центр г. Алматы наградил ценными подарками 5 незрячих вокалистов уйгурской национальности, а Рахилям Иминова установила специальный приз для ученицы 6-го класса Алматинской школы имени Николая Островского Марианны Ермоленко.
Руководство Республиканской библиотеки для незрячих и слабовидящих граждан РК решило воспользоваться конкурсом, чтобы торжественно поздравить с 80-летним юбилеем первого директора РБНСГ РК Александра Сапелкина. Директор библиотеки Асхат Байузаков вручил юбиляру благодарственное письмо Министерства культуры и спорта РК за подписью Министра Арыстанбек Мұхамедиұлы, а от имени Национальной библиотеки РК, Союза писателей Казахстана и Ассоциации полиграфистов Казахстана — Медаль «Кітап мәдениетіне қосқан зор үлесі үшін» за подписью председателя комиссии, директора Национальной библиотеки РК Жаната Сейдуманова.
Советник Акима города Алматы по делам инвалидов Вениамин Алаев тоже поздравил юбиляра со знаменательной датой и вручил ему ценный подарок.
Сара Абибулаева
Балет майталманы — Болат Аюханов
Кітапхананың өнер және спорт әдебиеттері бөлімінің ұйымдастыруымен Балет майталманы — Болат Аюхановтың өмірі мен шығармашылығына арналған музыкалық кеш өтті.
Шара барысында Болат Ғазизұлы Аюханов оқырман қауымға, жастарға әлем халықтарының өнерін, жалпы шығармашылығын айтып берді. Елі үшін еткен еңбек еш кетпейді, ер атандырады деген осы шығар. Бітім болмысы бөлек азамат шағдыры … қанша қиын болсада соншалықты биікке көтерілгенін Болат Аюхановтың өткенінен көруге болады. Бүгінде есімі тек қазақ халқына ғана емес бүкіл әлемге танымал тұлғаның қолтаңбасынан музыкалық би мәдениетін, классикалық көркем би тәсілдерінің таусылмайтын қазынасын меңгеруге ұмтылыс, ұрпаққа үлгі. Болат Аюханов жетекшілік етіп келе жатқан ансамбль дүние жүзіне кеңінен танымал болып, хореографиялық өнерді игеру жөнінен әлемдік балет ұжымдарының ең үздігі саналатын алғашқы ондығына енген. 80 жасқа толып отырған би майталманы Болат Ғазизұлы Аюхановтың «Алматының жас балетінің» шын мәнінде Мемлекеттік академиялық классикалық би ансамбліне айналып, репертуарының бай, шеберліктерінің жоғары болуында үлесі ерекше. Кешке Қазақстан Республикасы Мемлекеттік академиялық би театрының (биді қоюшы ұстазы Ануар Садыковтың) «Берекелі дәуір» биін балет солисті «Өрлеу» халықаралық байқауының лауреаты Әсел Әлпеисова орындаса, ал биді қоюшы Болат Аюхановтың Камиль Сен-Санс «Суретші және аққу» биін балет әртістерінің халықаралық конкурстарының дипломанты, «Шабыт» халықаралық өнер фестивалінің лауреаты, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік академиялық би театрының жетекші солисті Жанар Көшербаева және Дияр Акенов орындады. А.В. Селезнев атындағы училище студенті Жумалиев Родмир «Тоқпақ» биін орындап, аталған училище студенттері Қасымхан Әсел мен Мағжан Аружан «Білезік ойнату» биін билеп көпшіліктің алғысына бөленді. Кітапхана оқырманы Марьям Иминова мерейтой иесін құттықтап, бүгінгі кеште керемет күйге түсіп дем алғанын айтып, ризашылығын білдірді. Сондай-ақ, аталмыш шарада кітапхана қызметкері Момбекова Назым «Ағажан», Батима Полищук «Люблю скучаю», әнші Ғазизхан Әділханов «Пожелание», Мағжан Нұрлыбаев «Сен үшін» әндерін орындап келген қонақтарды риза етті.
Кітапхана директоры Байұзақов Асхат Құсайынұлы мерейтой иесін және өнер көрсеткен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік академиялық би театрының ұжымына және А.В. Селезнев атындағы хореграфиялық училищесі ұжымына ризашылығын білдіріп, осындай іс-шаралардың тәрбиелік мәні зор екенін айтып, алғыс хаттармен марапаттады. Кеш әсерлі де, тартымды өтті. Кітапхана оқырмандары осы кешті ұйымдастырған кітапхана ұжымына алғыс айтты.
Назым Момбекова,
Өнер және спорт әдебиеттері
бөлімінің қызметкері
Тіл байлығы — ел байлығы
Жыл сайынғы «Мың бала» — республикалық мәдени ағарту жобасы бойынша ағымдағы жылдың 20 қыркүйегінде сағат 11: 00де Павлодар облысында барлық кітапханаларда және оқу орындарында, бір мезгілде, қазақ тілінде синхронды түрде Астананың 20 жылдығына арналған «Астана – бейбітшлік бесігі» атты жалпықазақстандық Ашық диктантын өткізу талабы негізінде, көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған облыстық арнайы кітапханасына да жүктеліп, өткізілді.
Ашық диктанттың мақсаты: Мемлекеттік тілді білуге қызығушылықты арттырып, қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру, қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайту.
Мәдениет және кітапхана қызметкерлері, әр санаттағы мүгедек оқырмандар мен студенттер құрамынан жиналған, қоғамның жаңа талабына сай сауатты болудың маңыздылығына назар аударып, диктантқа белсенді қатысқан барлық адамдар саны 40. Брайль жүйесімен жазған екі студент-көз мүгедек оқырмандарымыздың «жақсы» деген бағамен бағаланған жұмыстар мақтана айтуға болады.
Тексеру комиссиясының төрағалығын жазушы, аудармашы Қазақстан Республикасы журналистер одағының мүшесі, Лебяжі ауданының Құрметті Азаматы, Сатыбалдин Серік Қинаятұлы атқарды.
Қорытынды бойынша: 17 адам – «5», 11 адам «4», 8 адам –«3» деген баға алса, 4 адам жұмыстарын тапсырған жоқ. «Білім инемен құдық қазғандай» данышпан сөзін еске ала, осы мүмкіндікті пайдалана тапсырмай қалған жұмыстың иегерлері «Талпынсаң, табысқа жетерсің» деп құлақтарын алтын сырға дер едім.
«5» деп айтсақ, соның арасында да ерекше атап өтетін еш қатесі жок жұмыс, Ашық диктантқа қатысушылар арасынан мемелекеттік тілді жетік біле, білім деңгейінің шыңына шыққан, тыныс белгілерімен стильдік жағынан ең сауатты және сапалы жазылған диктант иегері, тіл майталманы деп айтуға болатын «Өте жақсы» бағамен бағаланған жұмыс бойынша көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған облыстық арнайы кітапханасының кадр инспекторы Игсатова К.Б. –женімпаз аталды.
Мемлекеттік тілдің қолданылу аясы кеңейіп, этнос топтарының мемлекеттік тілді меңгеруге деген құштарлығын арттыру арқылы қазақстандық қоғамнан өз орнын табады деген үмітпен, жалпы сауаттылық және қоғамдық белсенділікті арттырады деген мақсатта, осындай жалпықазақстандық ашық диктантты өткізуді құптап жүрген қазақстандықтар үшін қуанамын және әрдайым қолдаймын.
Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған облыстық арнайы кітапхана басшысының орынбасары Ләззат Серікқызы Қуантаева
Үш бақыттың – бірі тіл
Қыркүйек айының 5-ші жұлдызында Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапханада «Өнер өрімдері» әдеби-мәдени клубы аясында, Қазақстан халқы тілдер күніне арналған «Үш бақыттың бірі — тіл» атты әдеби-сазды кеш ұйымдастырылды.
Шара барысында «Ана тілім — ардағым» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, тақырыптық слайд көрсетілді.
Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев 2017 жылдың 31 қазан күні «Қазақстан Республикасында мереке күндер тізбесін бекіту туралы» №689 ҚР Үкіметінің қаулысына қол қойды. Бір қуантарлығы айтулы мерекелердің арасында Қазақстан халқы тілдері күні 5 қыркүйекте тойланатын болды.
Айта кету керек, Тіл мерекесінің 5 қыркүйек болып белгіленуінің де өзіндік себебі бар. Бұл күн — «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы — тіл» деп ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халқының тағдыры, тілі үшін күрескен Алаш арысы, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. Енді барша қазақстандықтар қазақ әліпбиінің негізін салған ғалымның туған күнінде Тіл мерекесін тойлайтын болды.
1989 жылы қыркүйектің 22-сінде «Тіл туралы» Заң қабылданып, қазақ тілі мемлекеттік мәртебеге ие болды.
Демек, биыл тіліміздің мемлекеттік мәртебе алғанына 29 жыл болады. Тіл — халықтың жаны, сәні. Адамды мұратқа жеткізетін ана тілі мен ата дәстүрі. Ендеше, тілге қандай құрмет көрсетсек те лайық.
Кешті кітапхана директоры Байұзақов Асхат Құсайынұлы құттықтау сөзімен ашты.
Кеште «Өнер өрімдері» әдеби-мәдени клубының жетекшісі Әбетқан Тоқтағанов, ақын Зейнолла Тілеужанұлы тіл туралы өлеңдерін оқып, күйші, сазгер Талап Қараш жырдан шашу шашып, қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақтаевқа арнаған күйін көпшілікке тарту етті.
Қазақстан халқы тілдер мерекесіне арналған кеш Қазақ зағиптар қоғамы өнерпаз жастарының концерттік бағдарламасымен жалғасты.
5- қыркүйек Қазақстан халқы тілдер мерекесі. Бұл – барша елге ортақ, жалпы халықтық мереке, барлық ұлт өкілдеріне көрсетілген құрмет.
Алия Рахымжанова, жеке қызмет көрсету бөлімі
«Жастарды қолдау жылы»
Жыл сайын елімізде елбасының кезекті жаңа жолдаулары жолданады. Уақыт бөліп тікелей эфирде тамашаладық. Биылғы тақырып «Қазақстандықтардың әл — ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» деп аталады. Жолдаудың мақсаты – елдің өткеніне сараптама жасап, бүгінгі жасалу керек істердің басын ашып, ертеңгі болашаққа жол ашу. Қазақстандықтардың әл ауқатын жақсарту өмір сүру сапасын күшейту.
Елбасының көрегендігі арқасында аз уақытта толағай табыстарға жетіп келеміз. Жолдаудың ең негізгі талабы- халықпен байланыс орнату. Осы орайда арнаулы кітапхананың оқу залында оқырмандардың қатысуымен жолдауды насихаттау барысында дауыстап оқу өткізілді. Тұрақты әрі белсенді оқырмандарымыз Дарібаева Написа мен Исаханов Батыр сөз алып, өз ойларын ортаға салды.
Ең қуантарлығы Президент биылығы жолдауда «Жастарды қолдау жылы» деп жариялады. Бұл әрине біздерді, қоғамға енді белсене араласып келе жатқан жастарға үлкен демеу , серпін деп ойлаймыз. Бұл бастама қазақстандық әрбір жастың көңіліне қуаныш ұялатары сөзсіз.
Жастар елдің қуаты, болашақ бастамашысы. Жастарға көңіл аудару , жағдай жасау – қоғамның маңызды міндеттерінің бірі.
Қ. Макосова
Қызылорда облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына қарасты арнаулы кітапханасының кітапханашысы
«Әсеттің әсем әндері-ай»
Жуырда Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхананың өнер және спорт әдебиеттері бөлімінің ұйымдастыруымен Қазақстанның маңдайына біткен талантты ұлы композитор, Қазақстанның халық артисі Әсет Бейсеуовтың туғанына 80 жыл толуына орай «Әсеттің әсем әндері-ай» атты әдеби-сазды кеш өтті. Еліміздің ән өнерінде көптің жүрегінде өзіндік ерекше орны бар өнер қайраткерлеріне қазақ кенде емес. Сондай ірі тұлғалардың қатарында аталатын Әсет Бейсеуовты еске алу кеші өтті.
Кездесуде Әсеттің өмірі мен шығармашылығы туралы тебірене сөз қозғағандар көп болды. Кешке арнайы келген қонақтар Қазақстан Республикасы халық әншісі Нұрғали Нүсіпжанов, Әсет Бейсеуовтың ұлы Данияр Бейсеуов, Қарғалы ауылынан келген әсеттанушы жазушы Қарабай Әбуов, режиссер күйші Талап Қараш, Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылынан келген күйші-композитор Берік Бөкебаев болды. Өнер саңлағы Нұрғали Нүсіпжанов Қарабай Әбуов, Талап Қараш жақсының жарқын тұлғасы, жасампаз әндері туралы жүрек жарды лебіздерін білдіріп Әсетін елжірей еске алды. Композитордың туған күніне орай өткізілген еске алу шарасының ең басты өрнегі «Ән Әсет» атты деректі фильм еді. Оның авторы әрі түсіруші режиссері, өнерпаз Талап Қараш. Әсеттің көзін көрген жандармен әнін орындаушылар арқылы өнер тұлғасының рухын көрермендер көңілінде жаңғыртуға ұмтылыпты. Сахна шебері әнші композитор Берік Бөкебаев «Сырласу вальсі»,тағы көптеген әндері сахна төрінде шырқалып көпшілік риза болып алғыс айтты.
Сөйтіп ән сүйер қауым Әсетін есіне алды, қазақ аман болса, Әсеттің әндері де ешқашан ұмытылмақ емес. Кеш әсерлі де тартымды өтті. Кітапхана оқырмандары осы кешті ұйымдастырған кітапхана ұжымына алғыс айтты.
Өнер және спорт әдебиеттері бөлімі
Назым Момбекова,
Аспандай бер, ән-қанат!
Ержан Дүйсембиевтің есімі елімізге ғана емес, алыс шетелге де таныс. Ол туралы бейнефильм де түсірілді. Ол 1989 жылы 21 желтоқсанда Жамбыл облысы, Меркі ауданы, Сыпатай батыр ауылында дүниеге келді. Оның өнерге деген құштарлығы 4 жасынан басталды. Музыка өнеріне деген құштарлығы басым болғандығы сонша, төрт қасық, шыны кеселермен үстелдің үстін ұрып, әуендетуге құштар болды. 1998 жылы Алматы қаласындағы Зағип және нашар көретін балаларға арналған мектеп-интернаттың бірінші класына келіп оқыды. Интернатта оқып жүрген кезінде домбыра және вокал үйірмелеріне қатысты. Соның арқасында қалалық балалар шығармашылық байқауларында бақ сынады. 2008 жылы Астана қаласындағы «Конгресс-Холда» өткен меценаттарды марапаттау іс-шарасында Алматы қаласы атынан дипломант ретінде қатысып, жеңімпаз атанды. Келесі жылы «Мейірім» балалар шығармашылығы байқауына қатысып бас жүлдені иеленді. 2011 жылы мектепті тәмамдап, Чайковский атындағы колледжге түсті, ол жерде бір жыл оқып, денсаулығына байланысты академиялық үзіліс алды. 2012 жылы Зағиптар қоғамының Мәдениет үйінің жанынан құрылған «Армандастар» вокалды-аспапты тобына қабылданды. Артынша «Бәріміз бірдейміз, кемсітуді білмейміз» атты қалалық байқаудың іріктеуінен өтіп, Астана қаласында болатын республикалық байқауға жолдама алды. Бұл жолы да айы оңынан туып, ел қошеметіне бөленді. Ең кереметі, 2015 жылы Испания мемлекетінің Барселона қаласында өткен «Поющая Коста-Брава» атты Халықаралық байқауға қатысып, 2-ші орынды жеңіп алды.
Ержанды өнерге баулыған ұжымдас аға-әпкелері: «Армандастар» тобының жетекшісі Бәтима Полищук, Мәдениет үйінің директоры Нұрбек Ғизатов, «Өнер өрімдері» клубының жетекшісі, ақын Әбетхан Тоқтаған, күйші Талап Қараш, «Алатау» дәстүрлі өнер театры директорының орынбасары, ҚР Мәдениет қайраткері Ғазизхан Әділханов. Қазақ Зағиптар Қоғамы Алматы қаласы филиалының төрайымы Кәбира Сағидолдақызы, кітапхана директоры Асхат Құсайынұлы Байұзақов кеш иесі жайлы жылы лебіздерін білдіріп, бармақтай бақ тіледі. Шараға барлығы 98 адам қатысты.
Жеке қызмет көрсету бөлімі.
Жауһар жырларынан жұбаныш тапқан зағип ақын
Қазақстан Республикасы Ақтөбе облысының әкімдігі Ресей Федерациясы Орынбор облысының Үкіметі арасында ғылыми-техникалық, әлеуметтік және мәдени ынтымақтастық жөніндегі келісімін іске асыру аясында Ақтөбе облыстық зағиптар және нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасы Орынбор облысындағы Н. Крупская атындағы ғылыми- әмбебап кітапханасымен әріптестік байланыс жасап достық көпірі қаланған еді. Әріптесіміз Г.Б.Тетегулова тәжірибе алмасып халықаралық деңгейде өткен семинарда В.Н. Мартыненконың еңбектері мен шығармашылығы жайында көршілес ресейлік зағиптар кітапханасын да хабардар етіп келген-ді… Осы бастаманың ізімен өңіраралық өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту мақсатында екі ел кітапханалары арасында ақын, І топ көз мүгедегі В.Н. Мартыненконың шығармашылығына арналған «Когда строку диктует чувства…» атты онлайн-поэзия кеші өтті.
Мемлекеттер мен құрлықтар арасындағы шекараны жойып, адамдарға қашықтыққа қарамастан бір-бірімен араласуға, сөйлесуге мүмкіндік беретін ғаламтордың құдіретімен көршілес Орынбор облыстық зағиптар кітапханасының директоры В.П. Учкина бастаған әріптестер онлайн жүйесі арқылы байланысқа шықты.
Сонымен қатар, ақынның замандастары зиялы қауым өкілдері, Ақтөбе облыстық С. Бәйішев атындағы әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкері Р. Б. Қарағұлова қатысып, ақынның еңбектеріне тоқталып, Орынбор мен Ақтөбе арасындағы шығармашылық сабақтастықты жеткізді. Кешке кітапхананың тұрақты оқырмандары асқан белсенділікпен қатысты.
Онлайн-поэзия кешінің негізгі мақсаты:оқырман қауымды В. Н. Мартыненконың өмір жолымен таныстыру, жерлес ақынның шығармашылығын насихаттау, туған өлкеге деген сүйіспеншілігін арттыру және патриоттық сезімге баулу.
Өлең шығару дарыны жас кезінен-ақ байқалған, табиғи талант иесі тағдырдың жазуымен 1993 жылы ауыр дерт — қант диабетіне шалдығып соның салдарынан ақын көру қабілетінен айрылған. Тағдырдың сыйы мұнымен бітпей, ақынның жары осы жағдайдан соң бірден бөлек кетіп, жалғыздың күйін кешеді. Жалғыздықтың зардабын біраз уақыт тартса да, жігері мұқалмай жанына жұбанышты поэзиядан табады. Қағазымен қаламын серік етіп, адамзат жанына жылу берер жалынды жырларды көркем сөздермен кестелеп жазады. Валерий Мартыненко өлеңдерінің басты бағыты философиялық тұрғыда ізгілік пен мейірімділікке толы жаураған жүректерді өлеңмен емдейді.
Ақын өз өлеңінде: «Онсыз да жамандық жетіп артылады, жақсылық жасауға асығайық» -деп үндеу тастайды. Жанына жақсылықтың туын жалау еткен жайдары жан адамзат жүрегіне ізгілік нұрын құюды мақсат тұтқан. Кеш барысында жыр жауһары жаңбырдай жауып оқырман жүректеріне жетті.
Ақтөбе облыстық зағиптар және нашар көретін азаматттардың арнаулы кітапханасының кітапханашысы І топ көз мүгедегі М. А. Төлегенов ақынның мөлдір сезімге толы өлеңін оқыды.
Зағип жандардың жан сезімін, ішкі жай-күйін жеткізген бұл поэзия кеші жағымды әсерге толы өтті. Ақтөбе облыстық зағиптар және нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасының директоры Г.Г. Хамзина Валерий Неколаевич Мартыненконың «Костер на снегу», «Ветер надежды», «Однажды, и на всю жизнь», «Журавлиная печаль», «Колокольный звон» «По велению сердца», «Все как есть» кітаптарының электронды нұсқасы авторлық келісім шарт негізінде Астана қаласындағы Ұлттық академиялық кітапханасы жанынан құрылған Қазақстанның ұлттық электронды кітапханасы (kaz. neb. kz.) сайтында жария етілгенін атап өтіп, барша оқырман қауымды кітап оқуға шақырды, шығармашылығына шалқар шабыт тілеп алғысын айтты.
Кеш соңында ақын В. Мартыненко арнаулы кітапхананың кітап қорына «Облака в океане» атты жаңа кітабын табыс етті. Руханият ордасы саналатын кітапхана тағы бір кітаппен толықты.
Қазақта «Көзі соқырдан қорықпа,
Көңілі соқырдан қорық»-деген ұлағатты сөз бар. Түнек тағдырына алғыс айтудан танбайтын қаламгердің жалынды жырлары халық жүрегінде мәңгі сақталмақ!
Қ. Н. Қонысбай, Ақтөбе облыстық зағиптар және нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасының «Пайдаланушыларға қызмет көрсету» бөлімінің кітапханашысы.
ТИФЛОПЕДАГОГ КЕҢЕСІ — СОВЕТЫ ТИФЛОПЕДАГОГА
Қөру қабілеті зақымдалған балардың
танымдык қабилеттері
Жангазина М.К., I санатты дефектолог, «Облыстық арнайы жалпы білім беру мектеп-интернаты» ММ, Павлодар қаласы
Жалғасы, басы өткен санда
Дәм сезу арқылы қабылдау. Соқыр балаларда олардың жасына сәйкес дәм сезу қабілеті қалыптасады. Олардың дәм сезуіне, дәм сезу анализаторына тамақтың әсер етуімен жүзеге асады. Дәм сезу арқылы алынатын түсінікке аштық, оттегінің тапшылығы, жарық, температура, кейбір токсиндік және дәрілік қоспалар әсер етеді. Дәм сезу тәтті, тұзды сияқты жеке дәм түрлерін меңгеруге көмектеседі.
Иіс сезу арқылы қабылдау. Бұл балаларддың иіс сезу қабілетің қалыптасуына әртүрлі факторлар әсер етеді. Дәрілік кейбір препараттар ағзадағы функционалдық бұзылулар, патологиялық күйлер, кейбір жоғары концентратты химиялық қоспалар иіс сезу клеткаларын зақымдайды. Сондықтан, ата-аналар мен тәрбиешілер бақытсыз жағдайларды алдын алу үшін, балаларды тиісті шаралармен таныстырады.
ә) Зейін ерекшеліктері.
Зейіннің белсенділігі, ауқымдылығы (көлемі, таралуы), ауысуы, қарқындылығы, шоғырлануы, тұрақтылығы тәрізді зейін түрлері мен сапаларына көру кемістігі өз әсерін тигізбей қоймады. Әйтсе де, зейіннің аталған түрлері дамуға қабилетті кейбір сау балалардағыдан да жоғары деңгейде дамуы мүмкін. Сыртқы әсерлердің шектелуі зейін сапаларының дамуына әсер тигізеді. Сипап сезу арқылы немесе зақымданған көру анализаторы арқылы жүзеге асатын қабылдау процесінің баяулығы зейіннің ауысуы қарқынына ықпал етеді және қабылданған бейнелердің үзік-үзік, жартылай күйде қалуына себеп болады.
Балалардың зейіні оқу және ойын процесінде дамиды. Баланы бақылауға, байқауға, тыңдауға, әртүрлі заттарды сипап сезуге үйрету қажет. Мектепке дейінгі балаларда ырықсыз зейін маңызды рөл атқарады. Мектеп жасына дейінгі балаларда ырықты зейін түрін қалыптастыру керек. Бала оқу немесе ойын әрекетінде шығармашылық қызығушылыққа жеткенде оның ырықсыз зейіні қалыптаса бастайды. Мұны толық жүзеге асыру үшін шығармашылыққа тапсырмалар мен оку мәселелері қолданылады.
Көзі көретін балаларда есте сақтауда керек етпейтін материалдарды зағип және нашар көретін балаларға есте сақтауға тура келеді. Неміс тифлопсихологі Г. Шауерте зерттеулерінде көру қабілеті зақымдалған балалар көретін, балаларға қарағанда есте сақтау қабілеті анағұрлым жоғары адамдар ретінде сипаттайтын мәліметтер келтіреді. Кейбір көру қабілеті зақымдалған балаларда жадыда сақталатын материал көлемі өте кең, бірақ ол жеткіліксіз жүйеленген және дұрыс ұйымдастырылмаған болады. Ал екінші бір көру қабілеті зақымдалған балаларда құрылымы дұрыс, бірақ жады көлемі аз болып келеді. Олар өз жадыларын анағұрлым дұрыс, әрі рационалді түрде пайдалана біледі.
Зағип балалардың, нашар көретін және жартылай көретін балалардың көру, есту, сипап сезу жадының өзара қатынастарын зерттеу жұмыстары нашар көретіндердің көру арқылы алынатын мнемнистік бейнелерінің анағұрлым сау екендігін көрсеткен. Көру арқылы алынатын заттық мағұламаттар көретін балалармен салыстырғанда өздерінің дифференциалдығын жоғалтады, схемалы және фрагмантті түрге айналады. Бұл көру кемістігіндегі ұзақ уақыттық және қысқа уақытты жады катынастарының өзіндік ерекшеліктеріне, көріністік бейнелердің тез жойылуына және ұзақ уақыттық ес көлемінің аздығына дәлел. Көзі мүлдем көрмейтін және нашар көретін балалардың сипап сезу арқылы қысқа уақыттық және ұзақ уақыттық есте сақтауы есту жады тәрізді жоғарғы көрсеткішке ие.
Сонымен қатар, көзі көрмейтін және нашар көретін балалар үшін есте сақтауы тиіс материалды тиісті түрде ұйымдастыру, қабылдау ерекшеліктерін ескеру де өте маңызды. Мысалы, математика және әдебиет оқулықтарындағы түссіз рельефті тотальді соқыр балалар да, жартылай көретін балалар да нашар есте сақтайды, ал түрлі-түсті рельефті суреттерді жартылай көретін балалар жарты жылдан кейін тани байстайды (Н.С. Костючек, В.З. Денискина).
Материалдың жүйелілігі, классификациясы, топталуы, қабылдау нақтылығы сияқты есте сақтау қабилеті дамудың алғашарты болып табылады. Нашар көретін және көзі мүлдем көрмейтін балалардың ойлау қабилеті де өзіндік ерекшеліктермен қалыптасады. Көретін адамдардың ортасында жұмыс істейтін соқыр адам өзі тұтастай қабылдай алмайтын өмірлік ситуацияларға жиі кездеседі, сондықтан оған алдымен өзі қабылдай алатын жеке элементтер негізінде талдау жасауға тура келеді.
Жалпы көретін балалар мен көрмейтін балалардың сөйлеу тілінің қалыптасуы бірдей жүзеге асады, бірақ мүлдем көрмеу немесе көрудің ауыр бұзылуы анализаторлардың өзара әрекетін өзгертеді де байланыстар қайта құрылады, сөйтіп, сөйлеу тілі қалыптасу кезінде көретіндердегідей емес басқа байланыстар жүйесіне еніп кетеді. Көзі көрмейтін немесе нашар көретін баланың сөйлеу түрі спецификалық адами қарым-қатынастар барысында дамиды, бірақ өзіндік ерекшеліктермен қалыптасады, даму қарқыны өзгереді, сөйлеу тілінің сөздік-семантикалық жағы бұзылады, «формализм» пайда болады. Нақты мағынасымен байланысы жоқ сөздер тобы жинақталады, ережелерді мағынасыз жаттайды.
Дефектология. – 2018. — № 1. – Б. 17-19 (ҚР Республикалық ғылыми-әдістемелік, педагогикалық-психологиялық журнал)
Обзор новой литературы РТШ, поступившей в фонд РБНСГ
за 3 квартал 2018 г.
Уважаемые пользователи!
Предлагаем вашему вниманию обзор литературы, поступившей в фонд библиотеки.
Жалғасы, басы өткен санда
84(2Рос=Рус)6 Наталья Нестерова. «Жребий праведных грешниц. Возвращение». В 5 кн.
Великая Отечественная война. Блокада Ленинграда. Семью Медведевых ждут тяжелейшие жизненные испытания, череда обретений и утрат, им предстоит познать беспредельную силу духа, хлебнуть немало горя. Эта книга о силе и слабости человеческой, о самопожертвовании и женской любви, которая встает как проклятие или благословение, разрывает связи с близкими людьми и уничтожает надежду на будущее, но помогает выстоять в войне против жестокого врага, ибо дает любящей женщине колоссальную силу. Жизнь героев романа, как жизнь миллионов людей, уложилась в исторические рамки бытия советского государства.
«Жребий праведных грешниц. Возвращение» – третья, заключительная часть саги Натальи Нестеровой.
84(2Рос=Рус)6 Андрей Шляхов. «Доктор Данилов в Крыму. Возвращение. В 4 кн.
Приключения неугомонного доктора Данилова продолжаются! Теперь он – в Крыму! Где же еще быть настоящему патриоту своего Отечества? После нескольких лет спокойной работы на кафедре анестезиологии и реаниматологии жизнь начала казаться доктору Данилову скучной. Он с радостью принял предложение возглавить станцию «Скорой помощи» города Севастополя. Данилова не отпугнуло то, что за неполный год на этом посту сменилось три человека. Приехав в Севастополь, Данилов с энтузиазмом принялся за дело и сразу же стал поперек горла местной медицинской мафии. Руководство департамента здравоохранения идет на любые ухищрения, лишь бы избавиться от Данилова. Но Данилов кругом прав, и потому его невозможно победить.
84(2Рос=Рус)6 Елена Колина. «Воспитание чувств: бета версия». В 4 кн.
Новый роман Елены Колиной «Воспитание чувств» — быстрая инструкция к тому, как стать образованным и культурным человеком: что читать, какие кинофильмы смотреть, в какие музеи ходить, за чем следить и от чего не отставать. Каждый новый роман Колиной для читателя, уже знакомого с её творчеством — и радость и неожиданность, ведь никогда не угадаешь, о чем Колиной вдруг стало интересно написать, о чем и о ком на этот раз, как любят говорить история? В какие предлагаемые обстоятельства в её новом романе будут помещены герои, и кто они?
«Воспитание чувств» полный социальный срез того времени — от инженера, ставшего, как многие сотни тысяч, безработным-неудачником и подавшегося то в так называемый бизнес, то в челноки, то в перегонщики автомобилей, но везде терпящего фиаско; до стремительно поднявшегося долларового миллионера, которому, напротив, всё как бы само идёт в руки. И полный спектр новых возможностей и новых же невозможностей нового времени. А старшекласснику Петру внезапно выпадает и вовсе экзотическая роль-профессия — работать «старшим братом» у неуправляемого первоклассника, сына долларового миллионера, которого отец иначе как Скотина и называть не желает. У Скотины есть сводная старшая сестра Алиса, но что такое сестра, когда нужен именно старший брат?
84(2Рос=Рус)6 Маша Трауб. «Продается дом с дедушкой». В 4 кн.
Главным героем гениальной, потрясающей, несущей глубокий смысл книги «Продается дом с дедушкой», автором которой является талантливая, популярная Маша Трауб, является Игорь Михайлович, он же некий посредственный писатель.
Так сложились обстоятельства жизни, что главный герой и вовсе никогда не думал о семье, своей семье, о ее важности…
И буквально всю свою жизнь он бороздил по просторам своего творчества, он так хотел завоевать славу, стать самым популярным писателем, одним из многих… А еще он всю жизнь мечтал о волнующем, взрывоопасном романе… Вот и жена уже утратила к нему былой интерес, а дети выросли и стали просто чужими людьми, а внуки не особо то и в гости хотят зайти… Так и живет писатель, который всю жизнь мечтал о славе и романе…
А если подумать, то на самом деле кому он нужен? Да, вы не ослышались… Кому нужен Игорь Михайлович, который всю жизнь был эгоистом, обманщиком, да и, в конце концов, великим неудачником?
Уважаемые пользователи!
Мы надеемся, что предлагаемые нами книги удовлетворят ваши потребности и принесут пользу.
Подготовила Медьярова Ж.
ПОЭЗИЯ
Қақсын еркін ән қанатын
Ержан Дүйсенбиевке
Қақсын екін ән қанат,
Кезі емес қой талатын.
Көңіліміз де күпті емес
Суық десе солатын.
Өнер өмір ажарындай,
Ынтығады адам үдай.
Тірлік кешіп келем мен де,
Ән мен жырдан ажырамай.
Ән дегенің – сұлулық қой,
Сүйсәнтетін естілсе бой.
Әнші Ержан бүгін ерек,
Көп алдында көсілсе ғой.
Құлазыған жанды емдеп,
Емдеп тіпті кеткен демдеп,
Келесің сен кең тыныспен,
Күннен күнге көкке өрлеп.
Шырқайсың сен қалаларда,
Қонақ үйде, жағалауда.
Қыздар да көп сүйіп қалған,
Шетелдіктер бағалауда.
Үйып қалған шағылдар да,
Көктем гүлін тағынғанда.
Сал серідей көрін көпке,
Өтінгенге, жалынғанға.
Бір бақытың – әнің сенің,
Бір қыз тасын жүрек емін.
Әбетхан боп «сөйле» жақса,
Бағаласын дүйім елің?
Әбетхан Тоқтаған
8.10.2018.
Алматы
ЭТО ИНТЕРЕСНО
Ответственный пигмент
В Калифорнийском университете (США) с помощью операции остановили потерю зрения у пожилых людей, страдающих от макулярной дистрофии (ей подвержены до 20 процентов тех, кому больше 65 лет). При заболевании истончается пигментный слой сетчатки, следом отмирают фоторецепторы. В итоге человек теряет четкость изображения и даже слепнет. Исследования на животных показали: пересадка пигментного слоя может остановить процесс и отчасти восстановить зрение. Тогда ученые взяли недифференцированные эмбриональные клетки и вырастили из них клетки пигментного эпителия, которые посадили на специальный полимер. Имплант вживили четырем пациентам, он у всех прижился, и зрение перестало ухудшаться. Томография глазного дна показала: пигментный слой восстановился и питает фоторецепторы.
Огонек. – 2018. – № 14. – С. 29.
ҚАЗАҚША — ОРЫСША — АҒЫЛШЫНША СӨЗДІК
Ақпан – февраль – February
Ақпар – информация – information
Ақсақ – храмой – the temple
Ақсүйек – аристократ -aristocrat
Ақтау – оправдывать – justify
Ақша – деньги – money
Ақшам – сумерки -dusk
Ақыл – ум, разум- mind
Ақылсыз – глупый-stupid
Алаңғасар – невнимательный -inattentive
Аласа – низкий-low
Алауыздық – вражда -feud
Алаяқ – пройдоха-rascal
Албасты – дьявол devil
Албырт – пылкий –ardent
Алға – вперед-forward
Алғыр – хваткий-clever
Алдағыш – обманщик-deceiver
Алдаспан – меч -sword
Алжапқыш – передник-apron
Алқыну – захлебываться-choking
Алма – яблоня -Apple tre
Алмас – алмаз -diamond
Алмұрт – груша -pear
Алпауыт – жрец -priest
Алпыс – шестьдесят -sixty
Алты – шесть -six
Алтыатар – револьвер-revolver
Алхоры – слива-plum
Алып – гигант -giant
Алыпсатар – перекупщик-middleman
Алыс – далекий-far
Амалдау – ухитриться-to contrive
Аман – невридимый-unharmed
Амандасу – здароваться- greet
Аман-есен – благополучно- safely
Ана – мать-mother
Анау – тот, та, то -that
Анкета – анкета -questionnaire
Анттасу – клясться- to swear
Антұрған – проклятый-damn
Анық – ясный-clear
Анықтама – справочник -directory
Анықтауыш – определение-definition
Аң – зверь -the beast
Аңғал – неосматрительный -imprudent
Аңғар – долина -valley
Аңқау – наивный -naive
Аңқылдақ – простодушный-ingenuous
Аңшы – охотник-hunter
Аңыз – легенда-legend
Апай – тетя-aunt
Апта – неделя-a week
Аптап – зной-heat
Апыл-ғұпыл – торопливо-hastily
Ара – пчела -bee
Ара – пила -saw
Араздасу вражовать -to be hostile
Арай – заря -the dawn
Арақ – водка-vodka
Арал – остров -Isle
Аралас – смешанный –mixed
Арам – поганный-foul
Арамтамақ – дармоед- parasite
Арамшөп – сорняк -weed
Арандату – спроводцировать- provoke
Арасан – источник -a source
Арасында – между -between
Арба – телега -cart
Арбакеш – кучер-coachman
Арбау – закалдовывать- tinker
Арғы – дальный -further
Арғымақ – скакун -steed
Ардагер – почитаемый -revered
Ардақты – уважаемый -respected
Арзан – дешевый -cheap
Арқа – спина -back
Арқалау – тащить на спине -lug on the back
Арқан – аркан -lasso
Арқар – архар-argali
Арлан – хищный -predatory
Арлы – совестливый — conscientious
Арман – мечта — dream
Арна – русло реки — riverbed
Арнайы – специально — specially
Ар-ождан – честь- honour
Арпа – ячмень- barley
Арпалыс – сталкновение- collision
Арсыз – бесстыдный- shameless
Артқа – назад — backwards
Артта – позади- behind
Артық – лиший,- excess
Артынша – вслед- following
Ару – красавица- beauty
Аршу – чистить- clean
Арыз – заявление — statement
Арық – худой- thin
Арылу – освабодиться — break free
Арыстан – лев- a lion
Астам – более- more
Астана – столица- capital
Астық – урожай- the harvest
Асу – перевал- pass
Асхана – столовая — canteen
Асығу – спешить — hurry
Асығыс – спешка- rush
Асығыста – второпях- in a hurry
Асыру – перевыполнить- surpass
Ат – лощадь- horse
Атақ – звание- rank
Атаққұмар – чистолюбивый- ambitious
Атақты — известный-
Аталас – родственник famous
Атамекен – земля предков-
Атауыз – плоскогубцы ancestral land
Атқару – исполнять- perform
Ат қора – конюшня- stable
Атқұлақ – шавель- sorrel
Атқыш – стрелок shooter
Атлас – ткань- the cloth
Атой – тревога- anxiety
Аттану отъезд- departure
Аттас – тезка- namesake
С.Г. Ахметова
ТАМАҚ РЕЦЕПТІ
Салаттар
«Жолашар»
Картоп пен қиярды турап, тұз, бұрыш сеуіп, қаймақ құяды. Татымына қарай қыша қосады. Қайнатып пісірген сиыр етін майда, ұзыншақ етіп турап, табаққа күн сәулесіне ұқсас етіп салады да, ортасына картоп пен қиярды үйеді. Жан-жағына көксөк жапырағын жайып, ұсақ қызанақтармен безендіреді.
300 г қайнап піскен сиыр еті, 1 дана картоп,
2 тұздалған қияр, тұз, бұрыш, 1 стақан қаймақ, қызанақ, қыша.
«Ұйқыашар»
Ет, қияр, бүтін қызыл бұрыш, қозықұйрықты жапырақтап турап, өсімдік майын, тұз, қара бұрыш пен соус қосып араластырады да, үстіне көкөніс салады.
250 г қой еті, 2 жас қияр, 1 стақан өсімдік майы,
1 шай қасық қара бұрыш, 200 г қозықұйрық,
200 г болгар бұрышы, 1\2 ас қасық томат соусы.
«Сырласу»
Етті, сәбіз бен қиярды жіңішкелеп, ұзынша етіп турайды. Қырыққабатты ұсақтып, тұздап, сірке суын себеді. Шомырды да жіңішкелеп турап, 10,15 минут тұзды суда ұстайды. Содан соң суын сығып тастап, үстіне туралған жұмыртқа қосады. Дайындалған дәмдерді түгел араластырып, бетіне жұмыртқа үгіндісін себеді.
200 г піскен сиыр еті, 100 г піскен сәбіз,
4 дана піскен жұмыртқа, 200 г қияр, 150 г шомыр,
150 г қырыққабат, 1 бума көкшөп, тұз, бұрыш, сірке суы.
«Шырайлым»
Ет пен сәбізді текшелеп турайды. Пиязды да турап, оған тұз, күріш және дәмдеуіштер қосады да, барлығын араластырады. Дайын салаттың үстіне майонез қосады.
200 г қайнаған сиыр еті, 150 г пісірілген күріш,
100 г піскен сәбіз, 4 дана жұмыртқа,
0,5 қалбыр жасыл бұршақ,1 бас пияз,
200 г майонез, тұз.
«Жазира»
Салатқа қосатын азықтарды – ет, ірімшік, қызыл сәбіз бен жұмыртқаны текшелеп турап, жүгерінің дәміне қарай татымды етіп турап, тұз, майонез қосады.
100 г піскен сиыр еті, 50 г піскен сәбіз,
3 піскен жұмыртқа, 150 г ірімшік,
1 қалбыр консрвіленген жүгері, тұз, майонез
Балық пен жүгері аралас салат
Балықтың жон етін жуып, тұзды суда пісіріп, суытып, орташа етіп турайды. Картоп пен қиярды да турап, балыққа қосады да, жүгерімен араластырып тұздықтайды. Содан соң дөңгелектеп туралған жұмыртқаны салаттың бетіне жабады.
250 г балықтың жон еті, 200 г консервідегі жүгері,
2 картоп, 1 қияр, 1\4 бума көк пияз,
1 піскен жұмыртқа, 100 г майонез.
«Ысталған тауық»
Тауық етін сүйегінен ажыратып алып, майдалап турайды. Пиязды өте жұқа етіп турап, 1-2 минут ыстық суға салып, 1\4 шай қасық сірке суын қосады. Одан соң елгезерге салып, суын сорғытады. Қозықұйрықты турайды. Қара өрікті жылы суға салып, 15-20 минут жібітеді. Ірімшікті майда көзді үккіштен өткізеді де үгітілген сарымсақ қосады, араластырады, қиярды да үккіштен өткізіп, елекке салып, сөлін ағызады. Жайпақ ыдысқа рет-ретімен салады: 1 қабатқа — тауық еті, 2 қабатқа – пияз, 3 қабатқа – қозықұйрық, 4 қабатқа – қара өрік, 5 – қабатқа – ірімшік, 6 қабатқа – қияр.
Әр қабатқа майонез жағады. Татымына қарай тұз, бұрыш себеді. Дайын салаттың бетіне жаңғақ ұнтағы мен қозықұйрық сеуіп, көкөніспен әшекелейді.
Тауықтың ысталған бір саны, 1 бас пияз, ½ стақан қара өрік,
100 г ірімшік, 1 қияр, 2 тіс сарымсақ, 3 ас қасық жаңғақты ңүгітілген дәнегі, майонез, тұз, үгітілген қара бұрыш, 150 г қозықұйрық
Уважаемые читатели, вы можете стать авторами нашей газеты.
Присылайте нам свои статьи, очерки, стихи и прочие интересные материалы
по адресу: 050012, г. Алматы, ул. Богенбай батыра, 214
или по электронной почте: rbnsg@inbox.ru.
Газета доступна на сайте www.blindlib.kz
Газета поставлена на учет в Министерстве культуры и
информации Республики Казахстан.
Свидетельство о постановке на учет № 8212-Г от 26 марта 2007 года.
Подписной индекс 64186
Газета отпечатана в типографии ТОО «LITERA»
100009, г. Караганда, ул. Садоводов, 14
тираж 500 экз.
Главный редактор – Байузаков А.К.
Выпускающий редактор – Әбдібеков Н.Ә.
Редактор по Брайлю – Ажибеков А.С.
Дизайнер – Дорбабаева Л.
Корректор казахского языка – Әбдібеков Н.Ә.
Корректор русского языка – Рогаткина Т.Ю.
Верстка – Джайдаров М.М.
Адрес редакции: ул. Богенбай батыра, 214
тел.: 293-70-17
Опубликованные материалы не всегда отражают точку зрения редакции.
Материалы публикуются в авторской редакции.