News & Events
2018 жылдың 27 қазан күні «Көмектес» қайырымдылық қоры мен Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхананың ұйымдастыруымен Тәуелсіздігіміздің 27 жылдығына және Елбасымызы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру және қазақ әндерін басқа ұлт өкілдері арасында кеңінен насихаттау мақсатында «Менің елім» байқауының іріктеу кезеңі өтті. 6-шы рет ұйымдастырылып тұрған бұл байқауға Алматы қаласы мен Алматы облысынан және Тараз, Астана қаласынан үміткерлер қатысты. Байқауға арнайы шақырылған қонақтар Алматы қаласы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» өкілі Б. К. Шанин, Ұйғыр мәдени орталығының өкілі А.А. Ильясова, «Үздік дәрігер» компаниясының директоры Э. Надуева, «Қазақ соқырлар қоғамы» Алматы қаласы филиалының төрайымы К.С. Кунурбаева, Алматы қаласы әкімінің мүгедектер ісі жөніндегі кеңесшісі В.Ю. Алаев, «Мейірімді ел» қоғамдық бірлестігінің басшысы Н. Курмашева.
Байқауға Н. Островский атындағы зағип және нашар көретін балаларға арналған мектеп-интернатының оқушылары да қатысып, өз бақтарын сынады.
Байқауға Қазақстан Республикасның еңбек сіңірген әртісі Айжан Нурмаганбетова бастаған қазылар баға берді.
Байқаудың демеушілері: «Фарм экспресс» компаниясының директоры Ю.А. Полянская, «СТС Азия групп» компаниясының директоры Е. В. Любарец.
Әр ұлттың зағип азаматтарының арасындағы қазақ әндерінің «Менің елім» атты алтыншы байқауына 16 үміткер қатысып, олардың ішінен үздік деп танылған қатысушылары үстіміздегі жылдың 24 қарашасында өтетін Гала-концертіне жолдама алды.