News & Events
Қыркүйек айының 17-ші жұлдызында Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапханада «Незабудка» әдеби-музыкалық бірлестігінің мүшесі Тоқабаева Светлана Отбасы күніне арналған «Ынтымағы жарасқан отбасы» атты шығармашылық кешін ұйымдастырылды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 1 наурыздағы
№ 511 Жарлығымен қыркүйектің екінші жексенбісі Отбасы күні деп бекітілген. Бірінші кезекте, Отбасы күнін Қазақстанда мерекелеу неке мен отбасы институтын, сонымен қатар қоғамда имандылықты және руханилықты нығайтуға негізделген.
Іс – шаралардың мақсаты: оқырмандарға отбасы — адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын бесігі екенін түсіндіру, «Отбасылық құндылықтар» ұғымы туралы түсінік беру; оқырмандардың бойында отбасына, отбасы мүшелеріне деген сүйспеншілігін арттыру; әдебиеттерді насихаттау.
Осы айтулы күнге орай кітапханамыздың белсенді оқырманы, «Незабудка» әдеби-музыкалық бірлестігінің мүшесі, «Армандастар» вокалды тобының әншісі, сүйікті жар, аяулы ана Отбасы күніне арнап, кітапхана қонақтары мен оқырмандарға шығармашылық кешін өткізді.
Кеш барысында Светлана Тоқабаева өз репертуарындағы қазақ, орыс, украин тілдерінде әндерін шырқап, көрермендердің көңілдерін көтеріп, ыстық лебіздерін білдіріп жатты.
Кеш соңында кітапхана директоры Байұзақов Асхат Құсайынұлы оқырмандарды отбасы күнімен құттықтап, Светлана Тоқабаеваға және отбасына шығармашылық кешін тартымды өткізгені үшін алғысын айтып, ризашылығын білдірді.